Еңбек адамының мүддесі – кәсіподақ ұйымының міндеті
Автор: Erkebulan Toishiyev • Сентябрь 23, 2021 • Доклад • 356 Слов (2 Страниц) • 283 Просмотры
Еңбек адамының мүддесі – кәсіподақ ұйымының міндеті
Кәсіподақ ұйымы – сала қызметкерлері арасында жоғары беделі бар, жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен заңды кәсіби мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етуші қуатты ұйым. Қазақстан кәсіподақтар федерациясының шешіміне сәйкес биылғы 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» болып белгіленді. Кәсіподақ ұйымдарының ең басты мақсаты — еңбек адамының мүддесін қорғау. Сондай-ақ, кәсіподақ қозғалысын дамыту, оны әрмен қарай жандандыру бастауыш ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі. Біздің ауданда аталмыш сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да жетерлік. Атап айтар болсақ, ауданда мәдениет, денсаулық, спорт, білім, банк және мемлекеттік қызметкерлердің мүддесін қорғайтын бастауыш кәсіподақ ұйымдары нәтижелі жұмыс атқаруда. Кәсіподақ ұйымының берері мол. Мәселен, кәсіподақ мүшесінің құқығы бұзылған жағдайда, сол еңбек дауын мүмкіндігінше бейбіт түрде реттеуге тырысады. Қажет болған жағдайда заң органдарында олармен бірге қорғаушы ретінде әрекет жасайды. Бір сөзбен айтқанда кәсіподақ – ең әділ әрі тәуелсіз ұйым. Сонымен қатар, әрбір адамның әлеуметтік жағдайы жақсы болуы үшін жеке баспанасы, тұрақты жұмысы болуы керек. Баспанасы болмаса, үй кезегінде тұруы тиіс. Кезекті қалай әділ шешу керек? Егер жұмыстан қысқарып қалса, оның себебі неде? Осының бәрі кәсіподақтың назарында болады. Тек бұл ғана емес, жұмыстан босаған азаматтарды жұмыспен қамту, оларды басқа мамандықтарға қайта даярлау курсынан өткізу үшін жағдай жасау да кәсіподақтың құзырында.
«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ халқы. Бар жақсыны балаға арнаған кеңпейіл кәсіподақ ұйымы мұқтаж жандарды, көп балалы отбасыларды назарынан тыс қалдырған емес. Жуырда аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы республикалық «Мектепке жол» акциясына атсалысты.
«Бірлік болмай, тірлік болмайды» дегендей, әркім әр жаққа тартса, жұмысшының да, жұмыс берушінінің де алдында түк беделі болмайды. Халқымыздың бағзы заманнан бізге жеткен аңызында айтылғанындай, бір шыбықты сындыру оңай. Ал, жүз шыбықты сындыра алмайсың. Дана қазақ бірлікті меңзегенде осыны мысалға келтірген.Сайып келгенде, біздің қоғамдық бірлестігіміздің табысты қызметінің нәтижесі – бастауыш ұйымдардағы жұмыстардың жемісі. Солардағы кәсіподақ комитеттерінің төрағалары кәсіпорын басшыларымен бірлесіп барлық шаруаны тындырып отыр. Әлі де атқара берері сөзсіз.
...