Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химия өнеркәсібінде еңбек жағдайын талдау

Автор:   •  Сентябрь 23, 2018  •  Реферат  •  2,316 Слов (10 Страниц)  •  1,003 Просмотры

Страница 1 из 10

Тақырып: Химия өнеркәсібінде еңбек жағдайын талдау.

Химия өнеркәсібі халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Химия өнеркәсібінің толып жатқан өнімдері барлық салаларда (өнеркәсіптер, ауыл шаруашылығы және т.б.) қолданылады.  

Негізгі технологиялық процестердің  және өндірістік зияндылықтардың гигиеналық сипаттамасы.

Химия өнеркәсібіне әр түрлі шикізаттарды өңдеудің химиялық тәсілдері көп болатын өндіріс кешендері жатады. Х.ө. негізгі өндірістері:

  • Негізгі химия өндірісі: - органикалық емес қышқылдар, сілтілер, тұздар, хлор, және басқа органикалық емес қосылыстар.
  • Органикалық қышқылдарды ,спиртті, ерітінділерді шығаратын органикалық синтез кәсіпорны.
  • жасанды және синтетикалық  тал жіптерді -лавсан,капрон, вискоза және т.б. өндірісі.
  • синтетикалық шайыр, пластмассалар  және т.б. өндірісі.
  • шиналар, радиотехникалық заттар және резеңке аяқ киімдер шығару жөніндегі кәсіпорындар.
  • бояғыштар, лактық- сырлық  материалдар өндірісі.
  • минерал тыңайтқыштар, улы химикаттар және басқаларды  өндіру.

Химия өндірісінің алуан түрлілігіне қарамастан , олардың ортақ қасиеттері көп.

        Технологиялық процестер кезеңдері бойынша х.ө. мыналарға бөлінеді:

1. Дайындау операциялары (ұсақтау, дозалау, араластыру, елеу, бастапқы материалдарды түйірлерге бөлу, тасымалдау) .

2. Дербес химиялық процестер (қышқылдандыру, қалпына келтіру, хлорлау, нитраттау).

3. химиялық компоненттерді  бөлу (айыру, тазарту, экстракция, және т.б.)

4. Қорытынды операциялар (кептіру, ұсақтау, өлшеп бөлу, матау).

5. Қосымша операциялар (технологиялық сынамаларды іріктеу, катализаторларды айырбастау, алдын алу және апаттық жөндеулер және т.с.с.).

Технологиялық процестерді сипаттамасына қарай бөлу.

  • мерзімді және үздіксіз;
  • көпкезеңді және азкезеңді;
  • көлденең және тік;
  • төмен және  жоғары температуралы;
  • каталитикалық және каталитикалық емес;
  • электрохимиялық және басқалар.

1. Мерзімді процестер аз тонналы өндірісте әлі қолданылады. Олар аппаратураны ашумен, шикізатты, кертартпа  массаларды, жартылай дайын өнімдерді, соңғы өнімдерді артумен байланысты,  яғни, жұмыс алаңына зиянды заттардың жайылу қаупі болатыны анық. Бұл процестер аз механикаландырылған, қол жұмыстарының көптігімен ерекшеленеді, ауаның, арнайы киімнің ластануымен  және жұмысшыға зиянды заттардың әсерімен ерекшеленеді.

2.Үздіксіз процестер мерзімдік процестермен салыстырғанда қарама -қарсы болады.

3. Гигиеналық тұрғыдан жоғары атмосфералық қысымда жүргізілетін процестер ең қолайсыз болып табылады. Бұл жағдайда жұмысшыларға әсер ететін қолайсыз факторлар: аппаратурадағы саңылау арқылы шығатын зиянды заттар; жоғары температура.

4. Каталитикалық процестер.

Катализаторлар ретінде металдар (Ag, Ni, Mo, O, W, PI). Каталитикалық емес процестрдің артықшылығы:

  • Жоғары жылдамдық пен өнімділігі;
  • Жеңілділігі (бастапқы материалдардар  мен аралық операциялар санының шектеулілігі).
  • Катализаторды арту қолайсыз операция, ол аппаратураны ашумен және ЗЗ (зиянды заттар) жұмыс алаңы ауасына шығуымен байланысты.

Х.ө. шикізаттарын жіктеу.

  • Шығуына байланысты- минералды, өсімдік, жануардан алынған;
  • Химиялық құрамына қарай- органикалық және  органикалық емес;
  • Агрегаттық құрамына қарай- қатты, сұйық және газ тәрізді.

Х.ө негізгі қолайсыз өндірістік фактор- жұмыс алаңы мен өндірістік алаңы ауасының , жұмысшылар киімі мен кокс жамылғысының, жабдық беттерінің, ғимараттардың ішкі қоршауларының зиянды заттармен ластануы.

        Гигиеналық тұрғыдан  аппаратураны тазарту  және жөндеу, жөндеу жұмыстарын жүргізу операцияларына көп көңіл бөлінуі тиіс, себебі, осы кездерде жұмысшылар ЗЗ -мен байланысқа түседі. Аппаттардың болуы техникалық  режимнің бұзылу салдарынан болады, соның нәтижесінде  аппараттарда қысымның және температураның  өзгеруі байқалады, процестердің химизмі бұзылады.

        Жұмыс алаңы ауасының ластану құрамы көбінде күрделі болады. Бір мезгілде ауада: бастапқы, аралық және соңғы өнім түріндегі  аэрозольдер, булар, газдар болуы мүмкін, ауаға бөлінетін зиянды заттар бір-бірімен байланысып, қышқылдану, гидролиз және басқа түрленулерге ұшырайды.

...

Скачать:   txt (30.2 Kb)   pdf (162.7 Kb)   docx (22.5 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club