Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек дауларындағы медиация:қолдану ерекшеліктері

Автор:   •  Май 21, 2018  •  Реферат  •  2,795 Слов (12 Страниц)  •  1,397 Просмотры

Страница 1 из 12

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Ю-15-1

Әділбек Ақбота Әділбекқызы

«Мақалада еңбек дауларын медиация тәртібімен шешу мәселесі қарастырылады. Медиацияның басты мақсаты бұл соттардың жүгін төмендету және сотқа дейінгі кезеңдегі дауларды шешу. Бірақ сот тәжірибесінде көрсетілгендей, тараптар сотта іс қозғалғаннан кейін ғана медиацияға жүгінеді.»

Еңбек дауларындағы медиация: қолдану ерекшеліктері

Саяси қарым-қатынас, әлеуметтік қатынастар, экономикалық ынтымақтастық ,оның негізінде жатқан адамдардың күнделікті қарым-қатынасы болып табылады. Неміс әлеуметтанушы Георг Зиммелдің

(1858-1915) пікіріне сүйенер болсақ, бұл қақтығыс кез-келген

қарым-қатынасқа тән екеніне көз жеткізуге болады.

Қазіргі заманда да адамдар күделікті түсініспеушілік, құқықтарының бұзылуы, шындыққа қарама-қайышылықпен қақтығысуда. Қалыптасқан жағдайларды шешу үшін, тараптар белгілі әдістерге: сот, психолог ,медиация және т.б жүгінеді. Таңдау ерекшелігі қалыптасқан жағдай мен қоғамдық өмір саласына байланысты.

Ең жиі кездесетін дауларды , енбек даулары деп айтуға болады.

Еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер.

Даулардың туындау жағдайы – бұл қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында реттелмеген келіспеушіліктерді туындата отырып, еңбек қатынастарына тікелей немесе жанама әсер ететін жағдай, мән-жай.

Жеке еңбек дауы – бұл еңбек нормаларын қамтитын заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің, жеке еңбек дауларын қарау бойынша органға өтініш түрінде берілген ұжымдық шарт- тың, келісімнің, еңбек шартының (соның ішінде жеке еңбек шартын белгілеу немесе өзгерту) нормаларын қолдану мәселелері бойынша жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы реттеу.

Ұжымдық еңбек дауы – еңбек жағдайларын белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойынша еңбек ұжымдарының (қызметкерлерінің) олардың өкілдері атынан әкімшілік (жұмыс беруші) арасындағы дау. Мысалы, еңбек заңнамасын қолдану туралы, әлеуметтік-әріптестік келісімдер, ұжымдық және жеке еңбек шарттары жағдайлары, сондай-ақ заңмен реттелмеген бар еңбек жағдайларының жаңасын белгілеу немесе өзгерту туралы даулар.

ҚР Еңбек кодексінің тұрғысынан, еңбек даулары белгілі бір органға, мысалы, келісу комиссиясы немесе сотқа жіберілгеннен кейін ғана пайда болады.

Медиация рәсімін еңбек дауларына қолдану мүмкіндігін жоққа шығармаса да, оны айтарлықтай шектейді. Демек, заңда «еңбек қатынастарынан туындайтын даулар» ұғымы ҚР Еңбек кодексінде бекітілген «жеке еңбек даулары» ұғымына қарағанда кеңірек түсінілуі керек. Осылайша , еңбек дауын тараптардың мүдделері мен ұстанымдарынан туындаған процесс ретінде анықталуы мүмкін. Бұл сала субъектілері жұмыс беруші мен жұмыскер болып табылады.Осындай жағдайларда тәуекелдер өте коп: тиімсіз жұмыс, өндірістің құлдырауы, жұмыстан босатылуы, соның арқасында адамдар бұл мәселені қысқа уақыт ішінде шешуге тырысады. Сондықтан қарама-қайшылықтарды шешу жолын мұқият таңдау керек. Мәселен, қазіргі кезеңдегі жанжалдын дамуында медиация әдісі кеңінен таралған.

Медиация —тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

...

Скачать:   txt (38.2 Kb)   pdf (68.1 Kb)   docx (21.1 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club