Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі

Автор:   •  Октябрь 21, 2018  •  Реферат  •  4,440 Слов (18 Страниц)  •  5,103 Просмотры

Страница 1 из 18

5 ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІ

5.1 Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі.

Жылына 10 000 тонна құйма дайындайтын қуаттылықпен жұмыс істейтін  ақауларды түзету учаскесі бар шойын құю цехының жылумен кесу бөлімшесінің жобасының қауіпсіздігі мен экологиялылығын бағалаудың нәтижелері. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі – бұл кешен өзара байланысты қамтитын стандарттар, талаптар, нормалар мен ережелер ұйымдық-техникалық, метрологиялық, санитарлық-гигиеналық сипаттағы бағытталған қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің  еңбек қызметі процесінде өмірі мен денсаулығын сақтау процестері.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі аясында еңбек қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы барлық нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттардың, оның ішінде республикалық та, салалық та маңыздағы өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігі бойынша сан алуан нормалар мен ережелердің жүйеленуі, өзара байланыстырылуы жүргізіледі. ЕҚСЖ еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, өзара байланысқан стандарттардың көп деңгейлі жүйесі, ол қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға өтудің нормативтік-техникалық базасы болып саналады.

ЕҚСЖ стандарттары мемлекеттік, салалық және кәсіпорындар стандарттары болуы мүмкін. Салалық стандарттар (ССТ) саланың спецификасын ескере отырып әзірленеді және тиесінше мемлекеттік стандарттармен салыстырғанда неғұрлым қатаң талаптар қойылуы мүмкін (салалық стандарттарда мемлекеттік стандарттармен салыстырғанда қойылатын талаптар деңгейі төмендемеуі міндетті). Мұндай талап өндірістік стандарттарға (ӨСТ) да қойылады.

Кәсіпорындардағы стандарттау обьектілері болып мыналар саналады:

  • еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • еңбек жағдайын бақылауды ұйымдастыру;
  • еңбек қауіпсіздігі бойынша жоспарлауды ұйымдастыру;
  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ынталандыру тәртібі;
  • еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысшыларға оқытуды және инструктаж ұйымдастыру;
  • еңбекті қорғау қызметі айналысатын басқа да жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Қазіргі әлемдік үрдістер кез келген қызметте ең жоғары тиімділікке жету үшін тәуекелді талдау мен бағалауға қол жеткізу қажет. Сөйтіп шетелдік ұқсас стандарттар негізінде әзірленген «Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. Ұйымда еңбек қорғауды басқару жүйесіне қойылатын жалпы талаптар»  Р 12.0.006-2002 МЕСТ тәуекелді бағалау, реттеу және бақылау проблемасына маңызды мән береді (өзгертілген редакция №1 өзгерту- осында және одан әрі)
  • Бұл үрдіс стандарттау бойынша құрылған (ТК)10 «Негізділік жалпы техникалық стандарттар. Тәуекелдің тиімділігі мен басқаруын бағалау» техникалық коммитеттің қызметінде көрініс тапты. Еңбек қауіпсіздігі тұрғысында Ресейдің «Тәуекел менеджменті. Терминдер және анықтамалар» Р 51897-2002 МЕСТ-ы үлкен қызығушылық тудырады, оны Қазақстан Республикасы стандарттаудың белгілеген ережелеріне сәйкес іске қосты.
  • Стандарт ИСО/МЭК 73 және 51 сәйкесті басшылықтар негізінде әзірленген.
  • Р 51897 – 2002 МЕСТ тәуекелдер саласындағы негізгі ұғымдарды анықтайды, яғни, осы саладағы негізділік терминдерді тағайындайды. Стандарттардың мақсаты – тәуекелдік саласындағы терминдерді жұрттың бәрі түсінетіндей ету, яғни тәуекел деген не, ол қалай бағаланады,  тәуекел менеджменті деп нені түсінеміз, тәуекелді ауыстыру,тәуекелді өңдеу және т.б. қалай ұғылады.
  • Тәуекелмен жұмыс жасаудан бұрын ең алдымен оған қатысты терминдерді игеру қажет.
  • ЕҚСЖ ғылыми-әдістемелік принциптері басқару жүйесінің теориясының жалпы ережелеріне негізделген. ЕҚСЖ құрылымы «адам-техника-орта» тұтастық жүйесі туралы түсінігімізден жасалады.
  • Бұл жүйе тұтас алғанда 12.001-82 МЕСТ сәйкес негізі 5 жүйешеден тұрады: 1 ұжымдық-әдістемелік стандарттар (0-жүйеше); 2 қауіпті және зиянды өндірістік факторлар түрлері бойынша талаптар мен нормалар стандарттары (1-жүйеше); 3 өндірітсік жабдыққа қойылатын талаптар стандарттары (2-жүйеше); 4 өндірісті процесстер қауіпсіздікке қойылатын талаптар (3-жүйеше); 5 жұмыс істеушілердің қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар стандарттары (4-жүйеше).

Осы жүйешеге жататын «Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Жіктеме ЕҚСЖ 12.0.003-74 МЕСТ» қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктемесін белгілейді және олардың адам денсаулығына әсерін келесі топтарға жіктейді:

...

Скачать:   txt (66.9 Kb)   pdf (259 Kb)   docx (32.4 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club