Kәсіптік құқықтың қағидалары
Автор: KamataevaKuralai • Октябрь 15, 2021 • Реферат • 3,035 Слов (13 Страниц) • 399 Просмотры
БАЯНДАМА
Тақырыбы : Kәсіптік құқықтың қағидалары
Мазмұны :
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім
1.Кәсіпкерлік қызметтің пайда болу тарихына шолу
2.Кәсіпкерлік ұғымы мен қағидалары,кәсіпкерлік қызмет
3.Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері және түрлері
III Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
I КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік ұғымына нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызамыз. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.
Кәсіпкерліктің белгілері:
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі
• экономикалық мүдделілігі
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі
• белсенді ізденуі
• жаңалықтығы
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар. Кәсіпкерлік қызмет бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады.Өз кезегінде шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру,жұмыстар орындау,қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары,сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындалған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің бір түрі,ҚР заңдарында кәсіпкерлік қызмет түсінігінің орнына кәсіпкерлік термині енгізілген.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Кәсіпкерлік қызметтің пайда болу тарихына шолу.
Кәсіпкерлік ұғымы бірінші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді(1680-1734 ).Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды.Француз экономистіті Жан-Батист Сей(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды. Әйгілі ағылшын экономисті Адам Смит(1723-1790)кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды.Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлау өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды. Ағылшын экономисті Давид Ричардо(1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.
Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын экономисті Аллон Маршал берді(1824-1924).Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені өз жұмысында американ экономисті Йозеф Шумпетер берді.
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді. ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық құқықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді.
...