Қоғамның саяси жүйесі. Саяси тәртіптер
Автор: Arukka1107 • Октябрь 8, 2021 • Контрольная работа • 1,489 Слов (6 Страниц) • 474 Просмотры
Тақырып №4: Қоғамның саяси жүйесі. Саяси тәртіптер.
- Қоғам саяси жүйесі ұғымы және түрлері.
- Қоғам саяси жүйесінің міндеттері.
- Қазақстанның саяси жүйесі.
Қоғам саяси жүйесі ұғымы және түрлері. Ғылымдар саяси әлемді күрделі жүйе ретінде қарайды. Саясатты тұтас әрі комплексті зерттеу үшін қазіргі заманғы ғылымның «қоғамның саяси жүйесі» ұғымы енгізілді.оған саяси билікті іске асыратын саяси институттар, нормалар, құндылықтар, идеялар, қатынастар кіреді. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі институттарының бірі мемлекетболып табылады.
Сайып келгенде, саяси өмірді жүйелік позициядан суреттеу қажеттілігінен «қоғамның саясижүйесі» ұғымы тындайды. Бұл ұғымды қолданысқа Т. Парсонс және Г. Алмонд атты ғалымдар ХХ ғасырдың ортасында саясаттың мемлекет және халық өмірінде үлкен рөл атқара бастағанда, оны талдаудың ғылыми әдістерін қолдану қажеттіліктері туындаған кезде енгізді. Саясатты жүйелік тұрғыдан зерттеу саяси өмірді адамдардың жүріс-тұрысының жүйесі ретінде елестетуге мүмкіндік береді, саяси әрекеттердің саяси институттар мен құрылымдарға ықпал жасау механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік тәсіл саясатты біртұтас жиынтық ретінде қарастырады, қоршаған ортамен әрекеттестігінің түрін, тәсілдерін талдауға мүмкіндік ашады, қоғамдық организмнің бірлігін, біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Қоғамның саяси жүйесіне саяси билікті ұйымдастыру, мемлекет және қоғамның ара қатынастары жатады, ондағы өтіп жатқан процестерге, саяси өмірдің саяси шығармашылық жағдайына, саяси қатысу және институционалды емес қатынастарға сипаттама береді.
Қоғамның саяси жүйесі – бұл институттардың, қатынастардың, нормалардың жүйесі, оның шеңберінде қоғамның саяси өмірі және мемлекеттік билік жүзеге асады. Қоғамның саяси жүйесі – бұл қоғамда биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің күрделі механизмі. Бұл саяси және билік қатынастарын жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттікемес институттар, саяси және құқықтық нормалар жиынтығы.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі компоненттері:
1. саяси институттар (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар, қауымдастықтар, бірлестіктер және т.б.);
2. саяси қатынастар
- саяси нормалар, қүқықтар және т.б.;
- саяси мэдениет.
Сайып келгенде , қоғамық саяси жүйе - компоненттері саяси қатынастармен байлаулы және нәтижесінде әлеуметтік топтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттей отыра, мемлекеттік билікті колданудың негізінде қоғамның түрақтылығы мен әлеуметтік тәртібін қамтамасыздандыратын әмбебаб, басқарушы қоғам жүйесі.
Қоғамның саяси жүйесі демократияның даму дәрежесін объективті көрсетеді. Бұл дегеніміз, егер демократияны халық билігі деп түсінсек, ол қоғамның саяси жүйесіне ғана іске асады.
Әрбір мемлекетте қоғамның саяси жүйесі келесі белгілермен сипатталады:
- біртүтастық;
- қайталанбастық;
- жүйенің өзін-өзі сақтауы және өзін-өзі жаңарт\ ы;
- саяси жүйенің өзі қоғам жүйелерінің бірі болып табылады.
Әртүрлі елдердің саяси жүйелері біркелкі емес, бірақ олардың жүйелеуге мүмкіндік беретін үқсас белгілері болады. Қоғамның саяси жүйелерін топтастыру эр қилылығымен ерекшеленеді жэне әртүрлі критерийлерге негізделген. Ең көп таралған критерийлер бү_л саяси тэртіптер бойынша.
Саяси тәртіп - бүл мемлекеттің белгілі бір түріне тэн қатынастар, билеушілердің қолданатын күралдары мен эдістері, билік пен қоғам арасында қалыптасқан қатынастардың, үстемдік етуші идеология түрлерінің, элеуметтік жэне таптың өзара қатынастарының, саяси мэдениеттің жиынтығы.
Саяси жүйені саяси тәртіп бойынша демократиялық және антидемократиялық (тоталитарлық, авторитарлық) деп бөледі.
Тоталитарлъщ тәртіп - зорлық көрсету аркылы саяси үстемдік жүйесі, қоғамның басқарушы билікке толық бағынуы.
Тоталитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
- жалпы бірдей қоғамды политизациялау жэне идеологизациялау (қоғам толык мемлекет бақылауында);
- азаматтардың саяси қүқықтары мен бостандыктары формальды түрде ғана болады, ал нақты іс жүзінде жоқ;
- бір партиялық жүйе ғана болады;
- БАҚ-қа қатаң цензура;
• полиция, эскер, эртүрлі арнайы мекемелер тэртіпті ғана қамтамасыз етпей, сонымен қатар қоғамда жазалаушы функцияларды орындайды ;
- билік негізінен басқаруда күштеу эдістерін қолданады;
- экономика мемлекетке толық бағынышты;
• ү_лт мәселесі формалды шешілген, үлттық азшылықтардың қүқықтары негізінде жоқ болады.
Авторитарлъщ тәртіп аралық орынға ие. яғни демократиялық жэне тотолитарлық тәртіптердің аралығы. Ол «саясаттан басқаның барлығы рүқсат етіледі» деген ережемен сипатталады.
...