Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінің саяси жүйесі

Автор:   •  Декабрь 8, 2021  •  Реферат  •  917 Слов (4 Страниц)  •  439 Просмотры

Страница 1 из 4

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Шығыстану факультеті

Турксой кафедрасы

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінің саяси жүйесі»

Орындаған:______________________

Тексерген: доцент Инкарбаев Есенай

Алматы-2021

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Ресейдің саяси жүйесі
  3. Қазақстан саяси жүйесі
  4. Ресей мен Қазақстан саяси жүйелерін талдау
  5. Қорытынды

Осыдан 30 жыл бұрын «ешқашан бөлінбейді» деген Кеңес Одағы ақыры бөлініп, ғасырға жуық өмір сүрген тарихы шегіне жетті. Одақтағы барлық мемлекеттер, яғни 15 мемлекеттің әрқайсысы ( РСФСР; Украин КСР; Белорус ССР; Молдавиялық КСР; Қазақ КСР ; Түрікмен ССР; Тәжік ССР; Өзбек ССР; Қырғыз ССР ; Литва ССР; Латвия ССР; Эстон ССР; Грузин ССР; Армян КСР; Әзірбайжан КСР ) толық дербес мемлекет атанып, тәуелсіздікке қол жеткізді.  Алайда бұл мемлекеттің 12-сі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атты одаққа бірікті. Олар: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан. Осыған байланысты барлық ТМД елдерінің түбірі КСРО-дан шыққандықтан, бұл елдердің саяси жүйелері бір-біріне өте ұқсас, себебі Ресей оларға барынша ықпал жасауға тырысқан. Ал мен Ресей мен Қазақстанның саяси жүйелерін салыстыратын боламын, онымен қоса бұл екі ел ТМД-дағы басқа елдерге қарағанда ең қуатты елдер болып есептеледі.

Ресейдің саяси жүйесі. Ресей – республикалық басқару нысаны бар демократиялық федералды мемлекет. Федерация аумақтардан, облыс, маңызы бар қалалардан,  автономиялық округтерден құралған. Мемлекеттік жүйесі дәл Қазақстан секілді Заң шығарушы, Атқарушы және Сот деп үшке бөлінген. Заң шығарушы орган - Федералдық жиналыс, оның өзі Федералды кеңес және Мемлекеттік Дума деп екі палатаға бөлінеді. Атқарушы билік Үкіметтің қолында және сот істерін арнайы мекемелер басқарады, мысалы Конституционалды Сот және Жоғарғы Сот.

Мемлекет басышысы – Президент. Ол өз кезегінде елдің тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігінің сақталуына жауап береді. Және де Федералдық заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Ресей Федерациясының Президенті мемлекет басшысы ретінде ел ішінде және халықаралық қатынастарда Ресей Федерациясының атынан өкілдік етеді. Ресей Федерациясының Президентін Ресей Федерациясының азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы алты жыл мерзімге сайлайды. Сонымен қатар ол - Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады.

Қазақстан саяси жүйесі. Негізінен Қазақстанның саяси жүйесі біршама шиеленісті болды, себебі Ресей өзінен бөлінген мемлекеттерге саяси жағынан қысым жасаған. Мысалы, Қазақстандағы ірі орыс диаспоралары Ресейден қолдау алып, өздерінің саяси партияларын құра бастады; тіпті қазақ ұлтының өзін – өзі билеуі туралы бапты алып тастауды талап етті, алайда бұл орындаусыз қалдырылды. Тағы бір мәселенің бірі – діни секталардың көбеюі, яғни әр жерден оралмандар оралып, бір ғана ислам дінінің түрлі тармақтарының адамдары да болды. Содан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары террористік ұйымдар қауіп төндірді.

Қазақстанның саяси жүйесінің типологиясын бәсекелестіктің жоқтығымен байланыстырамыз. Себебі бізде сайлау болғанда, жаңа саяси топтардың немесе партиялардың пайда болу ықтималдығы төменгі деңгейде десек те болады. Дегенмен, Ресей мен Қазақстандағы саяси элитаның трансформациясына байланысты басқа елдерден белгілейтін ерекшелік – саяси шешім қабылдауға қатысатын саясат субъектілерінің санына байланыстылығы. Яғни, саяси партиялардың саяси шешімдер қабылдауы оңайға түспейді, себебі Мәжілістің өзінің стратегиялық шешімдер қабылдау өкілеттігі шектелген.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (360.5 Kb)   docx (322.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club