Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі үкіеттік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметі

Автор:   •  Ноябрь 2, 2018  •  Реферат  •  1,482 Слов (6 Страниц)  •  639 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазіргі үкіеттік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметі

       Үкіметтік емес ұйымдар - қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. 2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және оларды жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқындады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру болып табылады. Тиісті өңірлік бағдарламалар бекітілген. Бүгінгі таңда облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнықтыратын кеңестер, ал орталық атқару органдарында салалық үкіметтік емес ұйымдар қатысуларымен консультативтік-кеңестік органдар құрылып, қызмет етуде. 2003 жылғы 14-15 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен тұңғыш рет Азаматтық форум - үкіметтік емес ұйымдар республикалық съезді өтті. Форумның ұйымдастырылуы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарның қоғамдық өзекті проблемаларды шешуде әріптестік негізіндегі өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің бірлескен қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік туғызды. 2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың отандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының II Азаматтық форум өткізу туралы бастамасын қолдады. 2005 жылы сәуірде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының құқықтық негізін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" Заңы қабылданды, II Азаматтық форумга дайындық шеңберінде Үкімет II Азаматтық форумга дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетін қүрды. Сонымен қатар, қүрамына ірі үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық қауымдастықтар басшылары енген Форумга дайындық жүргізу жөніндегі қоғамдық ұйымдастыру комитеті құрылды.

     Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 2000 жылғы 24 қазандағы «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам» атты халыққа арналған Жолдауында алғаш рет үкіметтік емес ұйымдар туралы: «Бүгінде Қазақстандағы үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарының құқық қорғау қызметінде де, тұрғындардың ерекше қызығушылықтарын дамыту саласында да, қоғамды әлеуметтік қалыптастыруда да атқаратын рөлі өте маңызды», - деп ерекше атап өткен болатын. Мемлекет басшысының бұл пікірі елімізде үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың жаңа сапалы кезеңінің белсенділігін оятты.

      Қазір мемлекеттік қаржыландыруға ие болған үкіметтік емес ұйымдар таңдалған әлеуметтік жобаларды іске асыра бастады. Осы мақсатта биыл 11 бағыт бойынша 42 жоба қолдауға ие болды. Тиісті жұмыстар жылдың соңына дейін жалғасып, кейін есеп берілуі тиіс. «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы былтыр құрылып, енді бөлінген гранттардың жұмсалу барысына мониторинг жүргізеді. Айта кетерлігі, бұл орталық жеңімпаздарды анықтаумен айналыспайды. Үздік жұмыстар сарапшылар комиссиясының отырысында белгілі болады. Биыл ұйым бұл бағытта 556 млн теңге бөлген. Бұл жаңа құрылымды мемлекеттен бөліп қарауға болмайды. Оның да бүкіл қызметі мемлекеттік, халықтық мүдделермен қабысып жатады. Алайда үкіметтік емес ұйымдардың  Үкіметке қосшы бала еместігін де естен шығармау керек, онымен тең әріптестік тұрғыда жұмыс жасауға тиіс. Оған, әрине, үкіметтік емес ұйымдардың өресі жетіп тең болса ғана, солай деп талап қоя аламыз. Біздегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдар бұған әлі де дайын емес. Басым көпшілігі солай әлсіз болған соң, шын мәнінде әріптестікке жараған ұйымдарды да Үкімет көзге іле бермейді, өктемдік көрсетеді. Өздеріне қажет, мүдделі болғанда  ғана үкіметтік емес ұйымдарға телефон соғады. Мұның өзі — билікке бұл құрылымның әлі де тәуелді екенін көрсетеді. Ал біз олай болуға тиісті емеспіз. Үкіметпен, билікпен шын әріптес болғанда ғана екі жағымызды да ұтамыз. Жұмысты бұлай ұйымдастыру екі жаққа да тиімді әрі табысты болады.

...

Скачать:   txt (20.6 Kb)   pdf (279.8 Kb)   docx (15.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club