Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясат не үшін қажет

Автор:   •  Май 10, 2018  •  Эссе  •  529 Слов (3 Страниц)  •  3,809 Просмотры

Страница 1 из 3

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті

                                                                                            Шығыстану факультеті, 5В020700 Аударма ісі (қытай тілі бөлімі

 213 – топ, Нұрсұлтан Ақбота

Саясат не үшін қажет?

Саясат — өтірікті ақиқатпен,

ақиқатты өтірікпен алмастырушы құрал.

П. Буаст

   «Саясат» яғни «Политика» деген сөз – гректің «Politike» деген сөзінен аударғанда мемлекетті басқару өнері деген мағынаны білдіреді. Ал «Logos» деген сөз – ғылым, ілім деген мағынада қолданылады. Саясаттану — саяси ғылым, немесе саясат туралы ілім деген түсінік дейміз.

   Адамзат қалыптасқан уақыттан бастап саясат қоғам өмірінде өте маңызды рөл ойнап келеді.  Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы  деген  сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болды. Мысалы Мысыр мен Үндістанның мифтарына сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы - император болып есептелді.

Уақыт өте келе адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Саясатты ғылыми тұрғыдан қарастырып, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.

  Аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (47.9 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club