Әлеуметтану не үшін қажет?
Автор: 07070808 • Сентябрь 23, 2024 • Эссе • 380 Слов (2 Страниц) • 36 Просмотры
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Пәннің атауы: Әлеуметтану
Эссе тақырыбының атауы: Әлеуметтану не үшін қажет?
Орындаған:Кетебаева.З.
Тексерген:Исабаева Ш.С.
Тобы:Екі шет тілі-19
Әлеуметтану –қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Ол бізге әлеуметтік құбылыстарды тереңірек түсінуге, олардың қалай және не себепті пайда болатынын, қандай салдары болатынын ұғынуға мүмкіндік береді. Әлеуметтану қоғамды талдау арқылы оның дамуына ықпал ететін күштер мен факторлардың қалай жұмыс істейтінін білуге,әртүрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Жәнеде әлеуметтану қоғамның толық көрінісін қалыптастыруға көмектесетін маңызды құрал болып табылады.
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, кедейлік, жұмыссыздық, қылмыс деңгейінің өсуі сияқты құбылыстарды зерттей отырып, әлеуметтанушылар олардың пайда болу себептерін анықтап, қоғам үшін ең тиімді шешімдерді ұсына алады. Бұл ғылым саясаткерлерге, бизнеске және әлеуметтік ұйымдарға өздерінің стратегияларын дұрыс құруға көмектеседі.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдағы өзгерістерді зерттейді және болжайды. Заманауи қоғам тез өзгереді: технологиялар, мәдениет, саяси және экономикалық жағдайлар үнемі дамып келеді. Әлеуметтанушылар осы өзгерістердің салдарын алдын ала болжау арқылы қоғамның дамуына оң ықпал ететін шешімдерді ұсынады. Бұл үдеріс адамдарға жаңа жағдайларға бейімделуге және әлеуметте тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.
...