Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемге интернет не үшін қажет?

Автор:   •  Ноябрь 19, 2018  •  Эссе  •  966 Слов (4 Страниц)  •  2,593 Просмотры

Страница 1 из 4

Әлемге интернет не үшін қажет?

                                                                        Сайрамбек  Гүлсімай  Ержанқызы

     Жаһандық өзгерістердің қоғам алдында көріністерінің бірі – ғаламтор. Бұл дегеніміз алысты жақындату, жақынды алыстату. Ғаламтордың осы күнгі толып жатқан саяси, әлеуметтік, тұрмыстық  сондай-ақ жан-жақты универсалды құрал ретінде қолданылуы. Басты назарда ұстайтынымыз олардың ақпарат көзі деп қарастыру. Қаулаған шексіз ақпараттардың санына жете алмаймыз. Ғаламдық  цивилизация ол әрбір елдің өз алдында жеке дара дамуы мен өркендеп өсуіндегі бірден бір фактор. Ең негізгі пайдасы әрине қоршағанды тануға арналған білім.

        Интернет әлемге өзін жақсы жағынан  көрсетіп қана қоймай адамдарды жаңа жолдарға бастамаға жетеледі. Техниканың жедел жоғарғы сатыдағы көрсеткіштік деңгейі бізге аса маңызды.  Әлем үшін алдымен білім маңызды болса, білімнен кейінгі маңызды нәрсе интернет желісі. Ғаламтор – бүкіл адамзаттық ақпарат қоры. Мұнда кез-келген тұлғаның сауда, түрлі маркетинг жұмыстары, қаржы, бизнес және мемлекеттік іс-әрекеттімен толықтай қамтамасыз ете алатыны сөзсіз. Электронды кітаптар, заңнамалық құқығымен қорғалған алуан түрлі мақалалар, деректі фильмдер, қажетті құжаттарды рәсімдей ала отырып, өзіне қажетті барлық нұсқасы бар дерек көздерін оңай әрі жылдам алады. Ең тиімді жеңілдетілген және уақыттың үнемдеуде негізгі қажетті құрал болып табылады. Алайда әлем назарында интернет желісінен Қазақстаннан оза шапқан  немесе артта қалған елдер бар. Ол халықтың жағдайы мен тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Беретін берешегі өте ауқымды. Оны танудың бірден бір жолы- қолдағы бағалы қазыналарды, байлықты арнайы виртуалды түрде көрсету. Бұл біздің ойымызға бірден  «ЭКСПО-2017»  әлемдік көрмесін түсіреді. Мұндағы болашаққа ізгі қадамдардың жасалу жолдары мен ойға алған мақсатты ашық та, айқын көрсете білді.

       Ғаламторды тек ғаламат күйінде ғана тану үлкен қателік болар еді. Себебі онда біз біле бермейтін қаншама вирустар мен зиянды құбылыстардың сондай-ақ террористік сипат алған ақпарат көздерінің сыры анықталған. Ол қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, адам санасын улайды. Бірақ оған қарсы қазіргі кезде арнайы органдар өз бақылауына алып, іс-шаралар жүргізуде. Сонымен қатар ғаламтор арқылы хакерлердің ұрлығы үдей түсті. Банктік жүйені бұзып кіріп қаншама ақшаларды жымғыртып кеткендігі белгілі. Адамдардың барлығы желіні тек қажетті уақытта пайдаланады деп айту қиын. Қазіргі таңда қоғамның дерті ғаламтор болып тұр. Ұялы телефонсыз жүрген адамды көрсек таңғалатын күйдеміз. Жағдайымыздың барлығы да расында интернетке келіп тіреледі ме? Әрине арзан дүние емес. Ғаламтор адам талғамайды. Барлық ақпараттың жасерекшелігі бар болғанымен оны елеп жатқан жан жоқ. Мәселен хакерлердің балаға интернетті пайдалана отырып шабуыл жасауы мүмкін. Оның алдын алуы үшін индивидтерді арнайы қадағалануы  яғни ата-ананың бақылауы қажет екені анықталып отыр.  Менімше,  желіні пайдаланып, ондағы адамдармен жақсы

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (82.4 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club