Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы

Автор:   •  Октябрь 28, 2021  •  Эссе  •  989 Слов (4 Страниц)  •  961 Просмотры

Страница 1 из 4

«Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы»

Біздің қазақ деген жеке ұлт жəне мемлекет болуымыздың бірден бір себебі -ол өзіміздің сонау заманнан бері ата-бабамыздан бізге мұра болып сақталып келе жатқан, біріншіден біздің тарихымыз,екіншіден тіліміз,үшіншіден өзімізге тəн салт-дəстүрлеріміз.Біз мемлекет болып жарияляанғанға дейін Қазақ хандығы үстемдік еткен.Тарихпен бүгінді салыстырып қарайтын болсақ,көптеген айырмашылықтарды байқауымызға болады.Себебі,қазақ хандығында елді хан билесе,тәуелсіздік алып,мемлекет болғаннан кейін елді Президент басқара бастады.Сол сияқты қазақ хандығында билер,шешендер кеңесі болса,қазіргі таңда билердің қызметін министрлер мен депутаттар атқарады.Қазақ хандығында халық түгел «Жеті жарғы»,«Қасым ханның қасқа жолы» сияқты заңдарға бағынған. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым күні Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні тойланады.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді»-деп айтқан сөзі бекер айтылған емес.Еліміз тым ерте кезеңдерде-ақ тайпалық,отбасылық,кейінірек ұлттық рәміздерге ие болған.Таңба, ту, белгі, ұран сияқты рәміздер адамдарға рух береді, сондықтан ұлттық рәміздерімізді рухани байлығымызға теңестіруіміз тегін болмайды. Негізінде ең көне рәміздерге тотемдік белгілер,таңбаларды жатқызуымызға болады. Ол белгілер әр түрлі салт-дәстүрлерде,жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге септігін тигізді. Ол заманда мемлекетті көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері де қолданыла бастаған.Әрбір мемлекет үшін жас ұрпаққа  Отаншылдық рухта тәрбие беру, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезіндіріп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлауды үйрету аса маңызды. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасымыз талқылап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн»-дейді екен.Негізі енді қаланған,жас мемлекеттердің қай-қайсынын ең алғаш жасайтын ресми қадамдарының бірі-елдің туын,елтаңбасын және әнұранын сайлап алу.Өйткені рәміздер тәуеліздіктің,ынтымақтастықтың және бірліктің ең маңызды көрсеткіші.Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын,тұрмыс-тіршілігін,букіл болмыс ерекшелігін,айрықша арман-аңсарын білдіретін белгі.Мысалға, Қазақстан  Республикасының  мемлекеттің  рәміздерінде  Республикамыздың  атына  тән  жоғары  адамгершілік  құндылықтар,  таңдаулы  дәстүрлер  мен  әдет – ғұрыптары  туралы  көзқарас  үйлесімді  ұласқан.

   Мемлекеттік Туымыздың көк түсті болуы бекер емес.Зеңгір  көк  түс – біздің  ғаламды,  аспанды,  ауаны  және  құрлықты  бейнелейді. Көк  түс  бірлесу идеясына берілгендігін  бейнелеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  барлық  қалықтарда бейбітшіліктің,тыныштық  пен  тоқшылықтың  бейнесі  болған  бұлтсыз  аспанды  еске салады.Мемлекеттік  Тудың  бір  түсті  болуы  мемлекеттің  тұтастығын  білдіреді.

    Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдеп қана қоймай, жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін көрсетеді.

...

Скачать:   txt (15 Kb)   pdf (75.8 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club