Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық шарт және шарттар құқығы

Автор:   •  Декабрь 27, 2022  •  Лекция  •  11,559 Слов (47 Страниц)  •  205 Просмотры

Страница 1 из 47

Тақырып 1 Халықаралық шарт және  шарттар құқығы

1. Халықаралық жария құқықтың бір саласы – халықаралық шарттар құқықтары.

Халықаралық шарттар құқығы – шарттық-құқықтың нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шартардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір саласы.

Халықаралық шарт – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады.

Халықаралық шарттардьщ құқығы осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі салаларының бірі, ол халықаралык құқықтың барлық құқықтық нормаларымен, институттарымен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады. Бұл сала осы заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртібін, шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдарьш айқындайды. Шарттык күқықтың мұндай басымдылық рөлі оның реттеу объектісінің ерекшелігімен, осы замангы халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар құкықтарының қайнар көздерінің өзгешелігімен айқындалады. Халықаралық шарттың өзі халықаралық шарттар құқығының объектісі болып табылады, ол халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі; әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралық құқықтың маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Құқықтың осы саласының қүрылымында, мазмұнында болып жатқан өзгерІстердің халықаралық құқықтың басқа салаларынын мазмүнынан көрініс табары сөзсіз. Жоғарыда атап өтілгендер халықаралык жария құқықтың осы заманғы жүйесінде халықаралық шарттар күқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.

Халықаралық жария құқықтың барлық субъектілері халықаралық шарттар құқығының субъектілері бола алады.

Халықаралық шарттар құқығының қайнар көздері:

1. 1969 ж. Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясы

2. 1986 ж.

3. 2005 ж. 30 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттар құқығы туралы ҚР заңы

2. Халықаралық шарттар құқығының даму тарихы

Жазбаша түрде халықаралық шарттар шамамен алғанда бұдан 5 мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде жеткен халықаралық шарттардың бірі, ол – б.з.д. ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның ұсақ билеушілері арасында жасалған халықаралық шарт .

Құл иеленушілік дәуірде шарттар бейбітшілік, бітімгершілік, әскери көмек, сауда мәселелеріне арналды. Бірақ бұл мәселелердің барлығы бейбітшілік туралы шарттарда көрініс тапты. Шарттарды мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар дербес қалалар, мемлекеттер одағы, кейде діни ұйымдар жасай алды. Олар қатысушыларына ғана міндетті болды.

Шарт жасау мемлекеттердің ерекше құқығы болды. Шарт жасау рәсімі діни сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді. Егер ол жасамалса, шарт жарамсыз болып есептелді. Ежелгі Римде шарт жасауды ерекше діни тұлғалар – фециалдар жүргізген. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп, шартқа адалдық антын берген. Осы сәт шарттың жасаулу және күшіне ену уақыты деп есептелген.

Феодалдық дәуірде шарттар көбінесе жазбаша жасалды және олар жеке бір қатынастарды реттеуге арналды, мысалы сауда және т.б.

Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928 ж. қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гавана конвенциясы.

БҰҰ шақырған конференцияда 1968-1969 жж. Халықаралық құқық комиссиясының дайындаған халықаралық шарттар құқығы туралы баптар жобасы 1969 ж. 23 мамырда қабылданып, оған Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы аты берілді. 1969 ж. және 1986 жылдарындағы Вена конвенцияларында «келсіссөздерге қатысушы мемлекет», «келісуші мемлекет», «қатысушы» ұғымдары қолданды.

...

Скачать:   txt (184.2 Kb)   pdf (332.9 Kb)   docx (245.6 Kb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club