Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жол қозғалысыеың ережелері және Жол қозғалысы жөніндегі халықаралық конвенция

Автор:   •  Сентябрь 11, 2025  •  Лекция  •  2,457 Слов (10 Страниц)  •  1,686 Просмотры

Страница 1 из 10

№4 тақырып. Жол қозғалысының ережелері және Жол қозғалысы жөніндегі халықаралық конвенция.

Дәріс жоспары:

  1. Жол қозғалысы жөніндегі халықаралық конвенция.

  2. Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiнің тарихы.

  1. Жол қозғалысы жөніндегі халықаралық конвенция.

Жол қозғалысын регламенттеу қажеттілігі ерте туындады, автомобильдердің пайда болуымен алғашқы автомобиль ережелері пайда болды, ол 1893 жылы Францияда енгізілді. Ресейде жол қатынастарының министрі 1896 жылғы 11 қыркүйекте «Өздігінен жүретін экипаждарда қатынас жолдары ведомствосының тас жолдар бойынша жүктерді және жолаушыларды тасымалдау тәртібі және талаптары туралы» № 7453 қаулы шығарды. Дәл осы күнді ресей қозғалыс ережелерінің пайда болу күні деп санауға болады. Осы ережелерде қозғалыстың негізгі қағидалары және жүргізушілер мен «өздігінен жүретін экипаждарға» қойылатын талаптар белгіленген.  

1900 жылғы шілдеде «С.-Петербург қала басшылығының хабарларында» «С.-Петербург қаласы бойынша автомобильдерде жолаушылар және жүк қозғалысының тәртібі туралы міндетті қаулы» жарияланды. Аталған ережелерде қозғалысты ұйымдастырудың негізгі қағидаларынан бөлек жүргізуші куәлігіне, өмір белгісіне, автомобильді жарықтандыру құралдарымен жабдықтауға қойылатын талаптар белгіленді. Ұқсас ереже Ресей қаласының басқа қалаларында да қолданылды. Жекелей алғанда, «Автоматты экипаждардың Мәскеу қаласы бойынша қозғалу тәртібі туралы міндетті қаулыға» сүйенуге болады.

Ереже қазір де қайта қаралып тұрады және 1908 жылдың аяғында «Қатынас жолдары ведомствосының тас жол бойынша автомобильдердің қозғалысы туралы техникалық ереже» бекітілді, ал 1910 жылы «С.-Петербург қаласы бойынша автомобильдермен жүру тәртібі туралы қаулы шықты. Осы қаулымен қалада ең көп жылдамдық сағатына 15 шақырым, ал тас жолда сағатына 25 шақырым болып белгіленді.

1918 жылы Мәскеуде қозғалыс тәртібіне қатысты нақты ұйғарымнан, автомобильдер мен мотоциклдарға қойылатын талаптардан тұратын «Автомобильдер мен мотоциклдерді пайдаланутуралы және Мәскеу қаласы бойынша және оның төңіректері бойынша қозғалыс тәртібі туралы нұсқаулық» бекітілді.

Автомобиль өндірісінің және жол құрылысының ұлғаюына қарай ереже толықтырылды, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралы – белгілер кең қолданылды.

1909 жылы халықаралық жоспарда келісім қабылдау арқылы қозғалыс ережелерін үйлестіруге алғашқы әрекет жасалды, ол «Автомобильдер қозғалысына қатысты халықаралық конвенция» деп аталды (1909 жылғы 11 қазан, Париж). Конвенция 15 баптан тұрды және автомобильге, жүргізушіге, басып озу тәртібіне қойылатын міндетті талаптар тізбесінен тұрды, төрт халықаралық ескерту белгісін үйлестірді (1.8-сурет) және оларды кедергіге дейін шамамен 250 м арақашықтықта орнату ұсынылды. Сондай-ақ, халықаралық жүргізуші куәлігінің нысаны белгіленді (шетелде уақытша қозғалуға арналған халықаралық жол куәлігі): кейінірек «Автомобиль қозғалысына қатысты халықаралық конвенция» қабылданды (1926 жыл, Париж). Конвенция алдыңғы конвенцияға қарағанда халықаралық қозғалысқа қатысатын автомобильдердің жабдығына қойылатын нақты талаптарды, сондай-ақ жол белгілерінің нысаны, мөлшері және оларды орнату орындары туралы арнайы ережені қамтыды. Алғаш рет ескерту белгілері үшін үш бұрышты нысан енгізілді. Бұрын қабылданған белгілерге екі жаңа белгі қосылды: әҚорғалмайтын теміржол үстінен өтетін жол» және «Тоқтау міндетті».

[pic 1]

1.8-сурет. Алғашқы халықыралық жол белгілері (1909 ж.)

Кейінгі жылдары халықаралық жоспарда үйлестірілген жол белгілерінің саны ұлғайды. 1931 жылы Женевада жол қозғалысы бойынша кезекті конференцияда «Жолдардағы дабыл беруге біркелкілік енгізу туралы конвенция» қабылданады, ол жол белгілерінің тізімдемесін 26-ға дейін кеңейтті және оларды үш топқа бөлді: ескертетін, белгілейтін, көрсететін. 1933 жылы КСРО-да «КСРО шегінде Автомобиль қозғалысына қатысты халықаралық конвенцияны қолдану бойынша ереже» бекітілді. Аталған Ережелерде 1926 жылғы Париж конвенциясының  және 1931 жылғы Женева конвенциясының мәні баяндалған, ал қосымшасы «КСР Одағының шегінде автомобильдер мен мотоциклдерде жүрудің негізгі ережелерін» қамтыды.  

...

Скачать:   txt (36.8 Kb)   pdf (257.1 Kb)   docx (94.4 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club