Азаматтық-құқықтық қатынастар
Автор: aitolkin_01 • Ноябрь 27, 2018 • Доклад • 675 Слов (3 Страниц) • 960 Просмотры
Азаматтық-құқықтық нормалармен реттелген, қатынасушы жақтары өзара құқықтар мен міндеттер арқылы байланыста болатын қоғамдық қатынастар -азаматтық-құқықтық қатынастар деп аталады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:
1)Азаматтық қатынастар қоғамдық болып келеді және бұл қатынастар мемлекет бекіткен құқылық нормалар негізінде туындайды, сол нормалармен реттеледі.
2)Азаматтық қатынастар - қатынас жақтарының өз еркімен, саналы түрде жүзегс асырылады.
3)Қатынастар туындағанға дейін оған қатысатын жақтар тең құқылы болады.
Азаматтық-құқылық қатынастар төмендегідей топтарға бөлінеді :
а) мүліктік қатынастар;
б) мүліктік емес жеке қатынастар;
в) қарапайым қатынастар;
г) күрделі қатынастар;
д) мерзімді қатынастар;
е) мерзімі шектелмеген қатынастар.
Азаматтық-құкықтық қатынастардың субъектілері:
I - Жеке азаматтар (тұлғалар), оның ішінде Қазақстандық, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ азаматтар.
Жеке тұлғалар қатынастың жағы болуы үшін олардың құқық және әрекет қабілеттілігі болуы шарт.
Азаматтардың заңдарда белгіленген құқықтарга ие болуы, оларды емін-еркін пайдалануы - құқық қабілеттілігі деп саналады. Құқық қабілеттілігі азамат дүниеге келгеннен басталып, қайтыс болғанға дейін үздіксіз жалғасады. Мемлекеттегі барлық азаматтардың құқық қабілеттілігі тең және аталған қабілеттіліктен айыруға, оны шектеуге жол берілмейді.
Әрекет қабілеттігі — азаматтардың белгілі бір зандарда белгіленген құқықтарға ие болып, оларды пайдалану үшін өз атынан әрекет жасауы және әрекеттсрі үшін жауапты болуы.
Толық әрекет қабілетілігі 18 жастан басталады және оны занда кәрсетілген реттерде шектеуге болады.
Егер азамат ақыл-есі кем немесе психикалық аурумен ауыратын болса, осы себепті өз әрекетіне есеп бере алмаса, не істеп, не қойғанын білмесе, оны сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп тануға жол беріледі. Маскүнемдікке, нашақорлыққа, уытқұмарлыққа салынып, отбасын ауыр материалдық жағдайға қалдырған азаматтардың әрекет қабілеттілігін сот тәртібімен шектеуге болады. Егер азаматтардың құқық қабілеттілігі бола тура, әрекет қабілеттілігі шектелген немесе әрекетке қабілетсіз болса, қатынастардың жағы болып олардың заңды өкілдері (ата-анасы) немесе қамқоршылары, қорғаншылары қатысады.
ІІ.Ұжымдық жақтар (заңды тұлғалар) - бұларға заңды тұлға болып саналатын, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме, ұйым, бірлестіктер жатады. Бұл тұлғалардыңда құқық және әрекет қабілеттіліктері болуы шарт, аталған қәсіптер заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтіп, занда арнайы қызмет түрлері бойынша лицензия алған кезден басталады. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттіліктері лицензияның мерзімі аяқталғанда немесе лицензия жарамсыз деп танылғанша тоқтатылады.
ІІІ.Сонымен қатар, ұжымдық жақтарға кейбір жағдайда мемлекет те жатады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекеттің атынан арнайы өкілет берілген органдар, атап айтқанда – билік және басқару органдары, әкімшілік аумақтық бөліністер, жекелеген заңды және жеке тұлғалар қатысады;
ІҮ.Әкімшілік-аумақтық бөліністер, яғни - облыстар, аудандар, қалалар мен ауылдар азаматтық-құқықтық қатынастарға субъект ретінде қатысады. Аталған бөліністердіц атынан қатынастарға арнайы өкілет берілген жергілікті билік, басқару
...