Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нарықтық қатынастар

Автор:   •  Ноябрь 7, 2018  •  Реферат  •  4,819 Слов (20 Страниц)  •  1,234 Просмотры

Страница 1 из 20

                             Нарықтық қатынастар

Жоспар:

  • Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері
  • Нарықтық экономиканың элементтері,қызмет ету принцептері,нарықтық механизмнің қалыптасуы
  • Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы
  • Нарықтық қатынастардың шеңбері А.Смиттің және Р.Коуздың теоремалары. Споттық және мерзімдік нарықтар

Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері

Жалпы нарық дегеніміз - бұл адамдар арасындағы ерікті бағаға негізделген қажеттілікті қанағаттандыру мақсатындағы өзара өндіріс,бөлу,айырбас және тұтыну қатынастар жүйесі.

Нарық дегеніміз - тұтынушылар мен өндірушілердің байланысынан туындацтын айырбас.

Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно мен экономист А.Маршалл береді.    “ Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес,ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-біріне өте еркін жағдайда келісімге келетін , кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі”

Ағылшын экономисі У.Джевонс нарықтық критериі деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың “тығыздығына” назар аударды. Оның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез келген адамдар тобы , нарық болады.

Нарық мәнін айқындағанда, оның екң жақты мағынасы бар екенңнен бастау керек. Біріншіден, нарық деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік,бұл айырбас , айналыс сферасында алады. Екіншіден, нарық – өндіріс,бөлу,айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:

  • Екі субъектінің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты қатынастар;
  • Еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
  • Шетел фирмалары мен бірлемкен кәсіпорындардың айырбас процестері;
  • Белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
  • Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық инфрақұрылымдардық іс-әрекет процестері.

Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады.Ақырға уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарыны дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бүгін осы шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа шектеулер, кедергілер келді.

Осыған байланысты, өркениеттің нарық қатынастарының біздің экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттардың зәрулігі өте жоғарылап отыр. Бұндай шарттарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен байланысты:

  • Меншіктің алуан түрлі формаларына (жеке меншікке кооперативтік акционерлік мемлекеттік меншікке) жол ашу. Бұл шартқа бірте – бірте (құрылымдық өзгерістер экономикадағы сәйкестікті шұғыл бұзбайтын етіп) жол беру керек
  • Мемлекеттік реттеушілерді сақтай отырып өндірісті демократияландыру. Бұнда есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзін – өзі реттеп шексіз өркендеп тек жетіліп жандана беретін жүйе емес.
  • Үш негізгі элементтерді біріктіретін: тауар мен қызметтер нарығын, өндіріс факторларының нарығын, қаржы нарығын біріктіретін нарықтық инфроқұрылым жасау.

Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды жасаумен байланысты шаралар жүйесі және шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісіне көшу туралы экономомикалық тәртіптерді қабылдау жатады. Біріншіден, меншік пен шаруашылық жүргізудің көптүрлі формалары қалыптасу және оларға қожалық ету кезеңінде талан – тараждыққа және орынсыз пайдалануға жол бермейтін, нақты шаралардың болуы қажет. Екіншіден, экономиканың жетекші салаларында құрылымдық өзгерістер жүргізіп тапшылықты жою керек. Үшіншіден, шетел капиталының қатысуымен және аралас кәсіпорындарды құру арқасында, экономиканы ашық жүйеге айналдыру қажет.

...

Скачать:   txt (75.5 Kb)   pdf (343.8 Kb)   docx (39 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club