Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нарықтық қатынастар

Автор:   •  Сентябрь 15, 2024  •  Реферат  •  540 Слов (3 Страниц)  •  44 Просмотры

Страница 1 из 3

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің құрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – кәсіпкерлік болып табылады. Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында кәсіпкерлік қатынастар оның негізі болып табыла ма?Мен « кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі» осы пікірмен келісемін. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты кәсіпкерлік» деп аталынған. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; импортқа тәуелділігі; инфрақұрылымның нашар дамуы; аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.

Негізінен, қазір Қазақстанда кәсіпкерлік ісі үлкен жетістіктерге жетіп жатқан жоқ. Сөз жоқ, көптеген тиімді , дұрыс заңдар қабылданып жатыр, бірақ олардың бірі іске асса, екіншілері іске толығымен асып жатқан жоқ. Бір жағынан, осы кәсіпкерліктің дамуына көптеген кедергілер болғалы тұр, солардың бірқатарын қарастыратын болсақ, ол біріншіден бақылаушы органдар мен жергілікті әкімдер жанынан құрылған комиссиялардың үсті-үстіне тексерулер жүргізіп, кәсіпкер қызметіне заңсыз санкциялар қолданатындығы екен.  Екіншіден, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданатын қосымша шешімдер мен қойылатын талаптар. Үшіншіден, түрлі ведомствалар мен құрылымдар тарапынан тексерулердің сансыз көптігі.Төртіншіден, кейбір мәселелерде кәсіпкердің құқықтық сауатының төмендігі.  Бесіншіден, өзекті осы салаға бірыңғай мемлекет бақылау жасау саясатының жетіспей жатқандығы және осы сияқты көптеген кедергілер бар.

Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму өзгешелігіне көңіл аударған кезде республикадағы кәсіпкерліктің елеулі түрде қайшылықты қалыптасуын көруге болады. Мысалы, Трансұлттық корпорация, Қаржы-өндірістік топтар сияқты ірі корпорациялар түріндегі кәсіпкерліктің тиімділігіне қарамастан оларды қысқа мерзім ішінде құру, жүзеге асыру өте қиын мәселе. Кәсіпкерлікті дамытпайынша, қазіргі кездегі экономиканы қалпына келтіру мен дамыту мүмкін емес, өйткені қазірде бизнес нарықтық қатынастарда үнемі қайта өндіріп отыратын орта болып табылады. Қазіргі жағдайда тек бизнес қана республика мен облыс экономикасын жандандыруға қабілетті. Сондықтан да кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау жасау мен ынталандыру жалпыұлттық басымдыққа айналды.

...

Скачать:   txt (8.7 Kb)   pdf (46.6 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club