Меншік құқығымен өзге де заттық құқықтар туралы жалпы ереже. Ортақ меншік құқығы
Автор: _kuldukova_a_ • Апрель 5, 2020 • Доклад • 585 Слов (3 Страниц) • 570 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Экономика және құқықфакультеті
Құқықтану кафедрасы
[pic 1]
10- Апта
Тақырыбы: «Меншік құқығымен өзге де заттық құқықтар туралы жалпы ереже. Ортақ меншік құқығы»
Орындаған: Кулдукова А. Е Құқықтану 103
Тексерген: Смагулова А.С
Ақтөбе 2020
Глоссарий
Заттық құқық- бұл оның обьектісі ретінде жеке дара анықталған зат болатын, ерекше заттық-құқықтық қорғау құралдарымен барлығынан және әрқайсысынан қорғану құралдарын иеленетін; иелену, пайдалану және билік ету құқықтарының барлығы құқық иеленушіде бірге немесе жеке дара болумен көрініс алатын; құқық иеленушіге затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігін беретін; бірге жүру және басымдық құқықтарының болуымен сипатталатын заңмен белгіленген мүліктік абсолюттік құқық.
Обьективті мағынада меншік құқығы- бұл, материалдық игіліктердің нақты тұлғаларға тиістілік жағдайын реттейтін және қорғайтын азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субьективті мағынада меншік құқығы дегеніміз- заң актілерімен танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы. ( АК 188-бап 1-т).
Иелену құқығы дегеніміз- мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. ( АК 188-б. 2-т.)
Пайдалану құқығы дегеніміз- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы- мүлікке қатысты заңды актілер жасау жолымен мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. (АК 188-б. 2-т.)
...