Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының негіздері
Автор: nurasyl.seytzhan • Сентябрь 16, 2021 • Реферат • 726 Слов (3 Страниц) • 557 Просмотры
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының негіздері
Әкімшілік құқық — қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру.
«Администрация» сөзі латын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және атқару биліктің жүзеге асуымен тікелей байланыста жүргізіледі.
Әкімшілік құқық — мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен іске асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының белгілері:
• Қазақстан құқығының негізгі, жариялы (мемлекеттік) салалардың бірі;
• өзінің реттейтін пәні — атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде пайда болатын басқару қатынастары;
• өзінің құқықтық реттейтін әдісі;
• ішкі ұйымдастырылуы (құрылымы);
• нормативтік базасы (нормативтік қайнар көзі).
Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтың реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар, басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.
Әкімшілік құқық пәні, шартты түрде екі бөлімнен тұрады:
1. Аппарат ішілік қатынастар - мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерімен және формаларын, қызметін ұйымдастыру нығайтылады.
2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен азаматтарымен қатынасы.
Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы қатынастар жатады.
Әкімшілік құқықтың жүйесі — өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқықтық институт — басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөліктелген әкімшілік-құқықтық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік институттар: әкімшілік құқықтың принциптерінің, азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі, мемлекеттік қызмет, атқарушы билік органдары мен басқарудың өзге де субъектілері мәртебесі; әкімшілік-құқықтық нысандар мен әдістер, әкімшілік жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу, мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету, салааралық басқару, экономика аясындағы басқару, әкімшілік саяси аясында басқару, әлеуметтік мәдени аясындағы басқару.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері — бұл әкімшілік-құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысандары.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері:
1. Нормативтік құқықтық акт — құқық шығарушы құзыреті субъектілер қабылдаған және әкімшілік құқықтық нормалары қаралған заңдық акт.
2. Әкімшілік шарт — нормативтік мазмұны бар әкімшілік-құқықтық нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі немесе көпжақты келісім.
3. Әкімшілік прецедент — нақты заңды іс бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады.
4. Құқықтық әдет-ғұрып — тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі.
...