Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанда асыл тұқымды мал өсірудің бүгінгі жағдайы

Автор:   •  Октябрь 1, 2019  •  Реферат  •  2,540 Слов (11 Страниц)  •  14 Просмотры

Страница 1 из 11

Мал шаруашылық ғылым-техника журналы. Шөп қоректі жануарлар. ҚХР, 2009, № 1. 53-56 беттер.

УДК 636.082

Қазақстанда асыл тұқымды мал өсірудің бүгінгі жағдайы

Қ. Н. Бегімбеков, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Жер жүзінде қазіргі бар тірі организмдердің белгілі түрлерінің жалпы саны 1,5 млн-ға жуық. Оның ішінде қазіргі  фаунада сүт қоректілердің 3700, құстардың 8600 балықтардың 20000 түрі сипатталып жазылған.Омыртқалылардың 42000 түрі белгілі. Жануарлар дүниесіндегі түрлердің саны 1млн 43900 шамасында, ал өсімдіктер дүниесінде 328320 түр, саңырауқұлақтардың 40400, қарапайымдардың 30000, көк жасыл балдырлардың 1400, бактериялардың 1630, вирустардың 200 шамасындағы түрлері белгілі. Энтомологтардың зерттеуі бойынша насекомдардың 750000 түрі сипатталып жазылған, ал бұл шама қазіргі уақытта жер бетінде тіршілік ететін насекомдардың 1/10 бөлігін ғана қамтиды деген болжам бар.

Бұл мәліметтерден жер бетіндегі органикалық формалардың өте көп түрлі екенін көреміз. Осы көп түрлі формалардың ішінде адам баласы үшін ең маңыздылары қазіргі бар ауыл шаруашылығы жануарларының “мал” деген атауға біріктіруге болатын  аз ғана түрлері екені белгілі.

Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы болып табылады және  қай мемлекеттің болса да халық шаруашылығында маңызды орын алады, халықты бағалы азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, май, жұмыртқа, бал, және т.б.), ал өнеркәсіпті-шикізатпен (жүн, тері, мүйіз, елтірі, қылшық, түбіт, мамық), күш-көлікпен (жылқы, түйе, бұғы, есек, ит), маңызды органикалық тыңайтқышпен      (көң, құс саңғырығы) қамтамасыз етеді. Кей өнімдерінен дәрі және түрлі препараттар, ерекше мал азықтарын (тартылған сүт, ет-сүйек ұны) жасайды. Жер жүзіндегі малдың саны жөніндегі мағлұматтар 1- кестеде келтірілген.

        Мал шаруашылығы – Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының өте ертеден келе жатқан дәстүрлі саласы. Мұнда, әсіресе етті-майлы құйрықты қой, жылқы, түйе шаруашылығы жақсы дамыған. 1916 жылы Қазақстанда 18,4 млн. қой-ешкі, 4,3 млн. жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн ірі қара, 278 мың шошқа бағылған екен. Ұжымдастыру кезеңінде бұл мал өте қатты қысқарып, 1935 жылы республикада 2,6 млн. қой, 422 мың жылқы, 72 мың түйе, 276 мың шошқа ғана қалған. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейінгі дәуірде Қазақстанның мал шаруашылығы қайтадан  жедел  қарқынмен дамуда болды. Соңғы 70 жыл ішінде Қазақстанда ірі қараның 10, қой мен ешкінің 20, жылқының 12 тұқымы мен тұқымдық типі шығарылды. Шошқа және құс шаруашылығында да бірнеше тұқым, гибридтік жануарлар, кросстар шығарылды. 1990 жылдың басына қарай Қазақстан Республикасында ірі қара саны 9,8 млн. қой мен ешкі - 36,2 млн. шошқа - 3,3 млн., бір жылда  етке сойылған мал мен құстың сойыс салмағы 1560 мың тонна, сүт өндіру 5,6 млн. тонна, жұмыртқа өндіру 4185 млн. дана, жүн өндіру 107,9 мың тонна, әр сиырдан сауылған сүт жылына орта есеппен 2367 кг болған.

Мемлекет меншігін жекешелендіру кезінде жіберілген қателіктерге байланысты Қазақстан мал шаруашылығы 1991 жылдан кейін тоқырай бастады. Мал өсіретін ірі кеңшарлар, ұжымшарлар, кешендер мен орталықтар таратылды, ал мемлекеттік емес кәсіпорындар бұрынғы деңгейді қалпында ұстай алмай қалды. Осы тоқырау кезеңі 2000 жылға дейін созылған. Ірі шаруашылықтардың ыдырауынан кейінгі пайда болған ұсақ ауылшаруашылығы құрылымдарының саны 1999 жылдың соңында 96198 болған. Оның 91471-і фермерлік (шаруа) шаруашылық, 1781-і өндірістік кооператив, 2886-сы шаруашылықтық серіктестік және 60-ы қазыналық кәсіпорын еді. Бұларда өсірілген мал саны мен өндірілген өнімі 2000 жылдың басындағы есеп бойынша мынадай болды: ірі қара саны 4 млн., қой мен ешкі – 9,657 млн., шошқа –  984,2 мың., бір жылда етке сойылған мал мен құстың сойыс салмағы 635 мың тонна, сүт өндіру 3535,2 мың тонна, жұмыртқа өндіру 1512 млн. дана, жүн өндіру 22,3 мың  тонна, қаракөл өндіру 152,3 мың дана, әр сиырдан сауылған сүт 1913 кг. Әсіресе асыл тұқымды мал азайып кетті. 2000 жылы 1993 жылғы 828 асыл тұқымды мал шаруашылықтарының төрттен бірі ғана қалған және ондағы  мал саны мынадай ғана еді: ірі қара – 123,3 мың бас (немесе барлық малдың 2,9%-ы), қой-399,9 мың бас (3,8%), шошқа – 20,1мың бас (1,8%), жылқы – 9 мың бас (0,9%), түйе – 5,4 мың бас (5,3%), құс – 376,9 мың бас (1,8%).

...

Скачать:   txt (27.1 Kb)   pdf (139.9 Kb)   docx (26.1 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club