Соттық ветеринариялық сойып зерттеу
Автор: kumiskunakova • Август 27, 2020 • История болезни • 531 Слов (3 Страниц) • 641 Просмотры
Соттық ветеринариялық сойып зерттеу
АКТІСІ
2018 жылы, желтоқсан айы, 14 күні , тергеуші Намазбек Назигүл тапсырмасы бойынша мен, Айбекетова Назира соттық ветеринариялық сарапшы 2018 жылы 15 желтоқсан күні малдың өлу себептерін анықтау үшін және тергеушінің қойған сұрақтарына
- Жануар тасымалдау кезінде өлді ме?
- Жануарда өлімге әкелетін аурулары болды ма?
- Өлім басқа себептерден болды ма?
Жауап беру үшін жасы 4 айлық, жынысы ұрғашы түсі қызыл ала бұзау өлексесін сойып зерттедім.
Сойып зерттеу 15 желтоқсан күні ҚазҰАУ –нің секциялық бөлмесінде жүргізілді
Сойып зерттеуге тергеу өкілдері және күәгерлер қатысты
Алғашқы мәліметтер Егесі Талғатқызы Аиданың айтуы бойынша малды сатып алғаннан соң ол 3 күн өзін мазасыз ұстап, жүрісінде діріл байқалған. Мал 5 күн бойы артқы бөлімін көтере алмай жатқан, тынысы жиілеп, суды көп ішкен, азыққа тәбеті болмаған, температурасы жоғары болған. 13.12.18 күні сағат 11-15 те мал өлген. Малдың температурасын түсіру үшін емдік мақсатта бицилин -3 еккен.
1.Өлексенің сыртқы көрінісі 4 айлық бұзау өлексесі, тұқымы қазақтың ақ бас сиыры, түсі қызыл ала, қоңдылығы төмен, дене бітімі дұрыс.
Өлекселік өзгерістер өлексе салқын
Кілегейлі қабықтары кілегейлі қабықтары ісінген, қызарған, қанталаулар бар.
Тері жүні көмескі
Тері асты шелі ісінген, қызарған, қанталаулар бар.
Беткейлік лимфа түйіндері: көлемі кішірейген, тығыздығы қатты, түсі ақшыл сұрғылт, тілік бетінің суреті анық емес.
Денесінің алдыңғы бөлігінің қаңқа бұлшықеттері ағарған, сұр реңді, тағыздығы қатты , тілік бетінің суреті сақталмаған.
Қаңқа бұлшық еттері ақ түсті, оңай сыпырылады, тілік бетінің суреті сақталмаған.
2.Ішкі көрінісі
Құрсақ қуысында мүшелердің анатомиялық орналасуы дұрыс, сірлі қабығы бозғылт түсті. Көк ет бозарған
Көкірек қуысы мүшелері дұрыс орналасқан, плевра ақшыл қызғылт түсті, нүктелі дақты қанталаулар бар.
Тілі кілегейлі қабығы бозғылт, тілік бетінің суреті сақталған
Жұтқыншақ кілегейлі қабығы бозғылт түсті, жылтыр, тегіс
Өңеш кілегейлі қабығы бозғылт түсті
Кеңірдек кілегейлі қабығы қызғылт түсті, көптеген қанталаулар бар, қуысы көбік аралас қызыл түсті сұйыққа толы.
Өкпе көлемі үлкейген , күрең қызыл тығыздығы қамыр тәрізді, тілік бетінен көбік аралас қызыл сұйық ағады. Суға салып тексергенде өкпе кесекшелері су бетінде ауыр қалқиды.
...