Сиырлардың жасына қарай сүттілігінің өзгеруі
Автор: luana_97 • Май 2, 2019 • Статья • 1,372 Слов (6 Страниц) • 645 Просмотры
СИЫРДЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ЖАСЫНА ҚАРАЙ ӨЗГЕРУІ
Бексеитов Токтар Карибаевич
а/ш.ғ.д профессор, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,
Павлодар қ.
Көбеш Айжан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,
Павлодар қ.
Сиырдың сүттілігіне оның тұқым қуалаушылығы және басқа да бірнеше жағыдайлары әсер етеді. Олардың бастылары: тұқымдық ерекшелігі, азықтандыру мен бағып-күту, сауылған және сауым маусымы, жасы, бұқаға қосқандағы немесе алғаш ұрықтандырылғандағы жасы, салмағы, сауу тәсілі және тағы басқалар.
Сиырдың сүт беру өнімділігі мөлшермен кең түрде 1000 кг-нан 25000 кг және одан да жоғары болады. Сиырдың сүт өнімділігі және сүттің құрамы көптеген ықпалдарға байланысты: жасы және физиологиялық жағдайы, азықтануы мен күтілуі, жыл мезгілі т.б. Ірі қара тұқымының ішінде сүтті көп беретін сүттілігі мол және сүтінің құрамының майлылығымен өте жақсы сүт өнімін жоғары ет сапасымен сәйкестендіретін сүт-ет бағытындағы сиырлар бар. 1-ші топқа жататындар: голштин қара ала, швиц қара ала және басқа да фриз тұқымынан шыққандар жатады. 2-і топқа: джерсей және гернсей; ал 3-i топқа: краснодат, англер және айршир тұқымдарынан шыққандар жатады [35, б. 39 ].
Сүт өніміне бірден-бір ықпал ететін әсерлердің бірі малдың жасы. Бүкіл организмнің жалпы дамуы мен өсуіне байланысты, әсіресе сүт безі өсе түседі. Сүт өнімділігі жас ерекшелігінің жалпы заңдылығына байланысты, сауылған сүт белгілі-бір деңгейге дейін біркелкі өседі, сонан кейін ақырындап азая береді. Біздің елімізде өсірілетін сиыр тұқымының максималды сауылым сүт түзілуінің 4-6 айлығында (лактацияда) байқалады. 1-ші сүт түзілуден максималды (ең жоғарғы) сауылым сүтке дейінгі өнімділік мөлшермен 40-50%-ке өседі. Сауылған сүттің жас ерекшелік өзгерісі малдың тұқымының ерекшелігіне, оның азықтануына, күтіп-бағылуына және т.б. байланысты. Сонымен, мысалы В.Ф. Красота және т.б. көрсеткендері бойынша қара ала тұқымына жататын сиырларды жеткілікті азықтандырса, жоғары сауылым сүт VII-сүт түзілуіне сәйкес келеді. Бірінші төлдеген құнажыннан шыққан сауылым сүт 60-65% көлемін құрайды. Жақсы күтім жағдайында максималды сауылым сүт V- ші сүт түзілуінде алынған, бұл үшін бірінші төлдеген құнажын сүтінің көрсеткіші 75-77% құраған. Сиырдың сүт өнімділігіне жас ерекшелік өзгергіштігінің заңдылығын оқып үйрену, әр тұқымға малдың өнімділігі және кластың асыл тұқымдық бағалылығына бонитировкалық балл беруіне сәйкес стандартты тағайындауға мүмкіндік береді. Әр жастағы сиырлардың беретін сүт өнімділін салыстырғанда да қолданылатын түзейтін коэффициенттер ойластырылып шығарылған. Мысалы: алғаш төлдеген құнажынның сауылған сүтін жетілген сиырдың өніміне жеткізу үшін, оның сауылым сүтінің көлемін 1,33 коэффициентіне, ал екінші төлдеген сиырдың көрсеткішін 1,11 коэффициентіне көбейту керек. Жеке малдардың жасе ерекшелік өзгергіштігіндегі сауын сүті олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі көлемде болады [426, б. 428 ].
Көптеген себептердің тағы бірі, жасы ұлғая келе сүт қалыптастырғыш негізгі мүше желіннің көлемінің ұлғаятындығы.
Т.К. Бексейітовтың мәліметтері бойынша қырдың қызыл тұқым сиырларының жасы ұлғая келе олардың сүт өнімділігі де артады екен, әрине осыған сәйкес олардың желіндерінің көлеміде ұлғаяды. Бірінші рет сауылатын сиырлармен салыстырғанда сақа сиырлардың желінің көлемі сауынға дейін 3,7%-ке артық болған, сауыннан кейін 2,6%-ке артық болған, осыған сәйкес желіннің ұзындығы 8,1% және 9,5%, желіннің ені 6,8% және 5,9%, желіннің тереңдігі 16,0% және 26,7% болған. Толық жастағы сиырлардың желіндерінің тартылуы 12,4%, ал бірінші сауылып отырған сиырларда 11,4% болған.
Тайыншаны алғаш ұрықтандыру жасы. Сиырдың тірі салмағы оның жасымен тығыз байланысты. Өте ерте ұрықтандыруға қосу сиырдың беретін сүт өніміне қолайсыз әсер етеді, оның өсуін тежейді. Алғаш ұрықтандыруға кеш қосу сауын сүтке болымсыз әсер етеді. Бірақ та алғаш ұрықтандыруды кеш болдырғандықтан, экономикалық жағынан қолайсыз, оларды өсіруге кететін еңбек шығындары, құралдары, азықтар көп болады. Кеш ұрықтандырылған сиырлар өмір сүру аралығында төлді аз беретіндіктен, сүтті де аз береді. Алғашқы ұрықтандыру уақыты бірқатар жағдайларда байланысты, ол негізінен малдардың тұқымдық және өзіндік ерекшеліктеріне, азықтандыру, күтілу және т.б. жағдайларға байланысты.Тайыншаларды ересек сиыр массасының 65-70%-і не жеткенде ұрықтандыру қабылданған. В.Ф. Красота және т.б. (1990) тайыншаның жетілуі табынды жөндеу үшін іріктеп алынған 4000 кг сүт алу үшін, олардың тірі салмағы 18 айда 350 кг-нан кем болмау керек және тірі салмағы 400 кг 305 күнгі сауылым ішінде сауылған сүттің 3000 кг-ды құрайды. Тайыншаны жеделдетіп мақсатты түрде өсіргенде, малдың дұрыс дамуы, оның алғашқы төлдеуіне, оның тірі салмағының қалыпты болуын естен шығармау керек [617, б. 620 ].
...