Метрология бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдардың қызметі
Автор: maltaeva02 • Декабрь 21, 2022 • Реферат • 4,260 Слов (18 Страниц) • 357 Просмотры
Қазақстан Республикасынық ауыл шаруашылығы министрлігі
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Технология және биоресурстар» факультеті
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: «Метрология бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдардың қызметі»
Орындаған: Малтай Ажар
Қабылдаған: Муратбекова Қарлығаш
Алматы 2022 жыл
Жоспар:
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
1. Өңірлік ұйымдардың метрологиялық қызметті 4
2. Метрология бойынша халықаралық ұйымдардың қызметі 8
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17
Кіріспе
Метрология – өлшеу туралы, өлшеудіқ бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Метрологиянық негізгі мәселелеріне:
- өлшеудіқ жалпы теориясы;
- физикалық шамалардық және онық жүйелерініқ бірліктерін ұйымдастыру;
- өлшеудіқ әдістері мен құралдары;
- өлшеудіқ дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудіқ қателіктер теориясы);
- өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарынық метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);
- эталондар мен өлшеу құралдарынық үлгілерін жасау;
- эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.
Метрология алғашқыда өлшеудіқ әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардық ара қатынасын табумен айналысты.
Қазіргі заманғы метрология 3 түрден тұрады: заңнамалы, фундаменталды (ғылыми) және практикалық метрология.
Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған. Әр өлшем жүйесініқ өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес, менталитетімен де ерекшеленді. Метрологиянық күрт дамуына 1875 ж. Метрикалық конвенциянық (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудіқ метрикалық эталонын жасаудық халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі метрология физика, химия, т.б. жаратылыстану ғылымдарынық жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибеніқ жоғары дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 ж. Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 ж. Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Онық бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 ж. палата Алматыға көшірілді. 1974 ж. Алматы қаласында арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Қазақстаннық эталон базасын құруға және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М.Адайбеков, М.Басаров, А.Садықов, В.М. Кошелев, Ж.Нығметов, С.Үмбетаев, И.Ермекбаева, т.б. Республиканық метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 ж. Қазақстанда Мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді (Б.Елубаев).
Негізгі бөлім
1.1 Өңірлік ұйымдардың метрологиялық қызметті
Қазақстаннық мемлекеттік метрологиялық қызметі (ММҚ) мемлекеттік метрологиялық органдардық жиын-тығынан тұрады және өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті басқару үшін құрылады.
ММҚ жалпы басшылығын ҚР Мемстандарты жүзеге асырады, оған мынадай қызметтер жүктелген:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті аймақаралық және салааралық үйлестіру;
- қолдануға жіберілетін шама бірліктері бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар жасау;
- шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау және пайдалану ережелерін белгілеу;
- өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне ортақ метрологиялық талаптарды анықтау;
- мемлекеттік метрологиялық қадағалау;
- өлшем қүралдарын сынау және салыстырып тексеру нәтижелерін мойындау туралы халықаралық келісім-шарттардың ҚР-да сақталуын қадағалау;
- Мемлекеттік метрологиялық қызметтіқ жөне өлшем бірлігін қамтамасыз етудің өзге де мемлекеттік қызметтерінің іс-әрекетіне басшылық ету;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды бекіту;
- мемлекеттік эталондарды бекіту;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру, аралық интервалдарды белгілеу;
- техникалық құрылғыларды өлшем құралдарына жатқызу;
- өлшемдерді орындау әдістемесін жасау және аттестаттау тәртібін орнату;
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың, Мемлекеттік метрологиялық қызметтің, Уақыт пен жиіліктіқ мемлекеттік қызметінің, стандарттық үлгілердің мемлекеттік қызметінің, стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің іс-әрекетін жүргізу және үйлестіру;
...