Құрғақ және экссудатты плевриттің дифференциалды диагностикасы
Автор: diana_auytbek • Октябрь 10, 2019 • Реферат • 1,781 Слов (8 Страниц) • 774 Просмотры
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
[pic 1]
Кафедрасы:№2 Ішкі аурулар
Тақырыбы:Құрғақ және экссудатты плевриттің дифференциалды диагностикасы.
Орындаған: Муса Арайлым.
Топ: 21-2
Тексерген: Құдайбергенова Н
Алматы 2015 оқу жылы
Құрғақ плеврит пен қабырғааралық невралгия, қабырғааралық нейромиозит арасындағы дифференциалды- диагностикалық айырмашылық.
КӨРІНІСІ | ҚҰРҒАҚ ПЛЕВРИТ | ҚАБЫРҒААРАЛЫҚ НЕВРАЛГИЯ, ҚАБЫРҒААРАЛЫҚ НЕЙРОМИОЗИТ |
Кеуде қуысында ауру сезімі пайда болу шарттары | Ауру сезімі тыныс алу мен жөтелге байланысты | Ауру сезімі қозғалысқа,асқын физикалық жүктемеге байланысты |
Ауру сезімінің дененің иілу қасиетіне байланыстылығы | Ауру сезімі дене оң жаққа иілгенде пайда болады (қабынған плевраның созылу себебінен) | Ауру сезімі дене ауырып тұрған жаққа иілгенде күшейе түседі |
Қабырғааралыққа пальпация жасау | Плевра үйкелісінің шуы естілетін аймақта аздап ауру сезімі | Қабырғааралық нервтер орналасқан аймақта өте қатты, өткір ауру сезімі |
Плевра үйкелісінің шуы | Плевра жапырақшасының бетіне фибрин шөгіп қалған аймақта | Болмайды |
ЭТЖ жоғарлауы | Жиі болады | Тән емес |
Дене температурасының жоғалауы | Жиі болады | Тән емес |
Сол жақтық парамедиастиналдық плеврит пен фибринозды перикардит арасындағы дифференциалды- диагностикалық айырмашылық.
КӨРІНІСІ | СОЛ ЖАҚТЫҚ ПАРАМЕДИАСТИНАЛДЫҚ ПЛЕВРИТ | ФИБРИНОЗДЫ ПЕРИКАРДИТ |
Ауру сезімінің орны | Жүректің салыстырмалы тұйықталуынан сол жаққа қарай | Перикардиалды аймақта |
Ауру сезімінің тыныс алу мен жөтелу кезінде күшеюі | тән | Болуы мүмкін, бірақ аса тән емес |
Үйкеліс шуының естілетін орны | Плевра үйкеліс шуы жүректің салыстырмалы тұйықталуынан сол жағынан анық естіледі | Перикард үйкеліс шуы жүректің абсолютты тұйықталу аймағынан естіледі |
Үйкеліс шуының тыныстық азаға байланыстылығы | Плевра үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейіп, тыныс шығарған кезде әлсірейді және тынысты ұстап тұрғанда сақталады | Тыныстық фазаға байланыссыз әрқашан естіліп тұрады |
Сол жақтық парамедиастиналдық плеврит пен стенокардия арасындағы дифференциалды- диагностикалық айырмашылық.
...