Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зәр шығару жүйесі, буындар, тері патологиясы аурулары кезіндегі дифференциалды диагноз және терапия принциптері

Автор:   •  Февраль 6, 2021  •  Контрольная работа  •  2,260 Слов (10 Страниц)  •  696 Просмотры

Страница 1 из 10

Серікбай Диана Жанатқызы

4-032 топ

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесі, буындар, тері патологиясы аурулары кезіндегі дифференциалды диагноз және терапия принциптері. Лейкоцитурия кезіндегі дифференциалды диагностика және зерттеу алгоритмдері»

Жазбаша:

1.Несеп синдромы дегеніміз не?

Несеп синдромы - несептің құрамының өзгеруімен сипатталатын клинико-зертханалық симптомокомплекс (ақуыз, лейкоцит, эритроцит, цилинрлердің пайда болуымен ) бүйректентыс көріністерсіз, яғни гипертония мен ісіксіз көрінеді.

2.Лейкоцитурия  дегеніміз не? Лейкоцитурия себептері қандай?

Лейкоцитурия дегеніміз - зәрдің жалпы анализінде көру өрісінде 6-дан жоғары лейкоциттердің несеппен бөлінуі.

Лейкоцитурия себептері:

  • Қабыну үрдісі- пиелонефрит, пиелит, цистит, уретрит;
  • Нефротикалық синдром;
  • Гломерулонефрит;
  • Жүйелі қызыл жегі;
  • Бүйрек туберкулезі;
  • Капиллярлы гломерулосклероз.

3.Бактериурия дегеніміз не? Бактериурия себептері қандай? Асимптомлық бактериурия критерийлер жазыныз.

Бактериурия  дегеніміз – зәрде бактериялардың пайда болуы.Қалыпты жағдайда зәр толығымен микроорганизмдерден бос болады.Бактериурияның болуы: бүйректе және зәр шығару жүйесінде қабыну процесін көрсетеді.

Бактериурия зәрде микробтар титрінің 1 миллилитрде 104-105 КОЕ дейін жоғарылауы.

Бактериурия себептері:

  • Бүйректе немесе зәр шығару жүйесіндегі қабынулық аурулар (әсіресе паренхимасының);
  • Қуықтың қабынуында;
  • Қуық асты безінің қабынуында;
  • Несепағар немесе қуықты катетеризациялаудағы қателіктерден;
  • Цистоскопия кезіндегі қателіктерден;
  • Несепағардың конкрементпен бітелуі кезінде;
  • Қуық асты безінің аденомасында;
  • Гигиена шараларын бұзғанда.

Асимптомды бактериурия критерийлері:

  • Клиникалық көріністері жоқ.
  • Лабораторлы көріністері:

*бактериурия – 105 КОЕ/мл - лейкоцитуриясыз- 2дақылдан алынған - 24 сағат интервалмен;

* Бактериурия- 105 КОЕ/мл - лейкоцитуриямен

4. Гематурия дегеніміз не? Гематурияның себептері қандай?

Гематурия - көру өрісінде 3 және одан да көп эритроциттерді  анықтау.

Гематурияның себептері:

Бүйректік

Гломерулярлы        

  • Жедел инфекциядан кейінгі ГН
  • Тез үдемелі ГН
  • Ig А – нефропатия
  • Мембраналық-пролиферативтіі ГН
  •  Шенлейн-Генох нефриті
  • Люпус-нефрит
  • Гудпасчер синдромы
  • Бүйректің жүйелі васкулиттер, криоглобулинемия кезінде зақымдануы
  • Тұқым қуалайтын нефрит
  • Жұқа базальді мембрана ауруы
  •  Басқа да ГН (ФСГС, мембранозды нефропатия және т.б.)

Гломерулярлы емес        

  • Туа пайда болған нефропатиялар
  1. Бүйректің поликистозды ауруы және басқа да кистозды аурулар
  • Түтікшелік-интерстициялықі нефропатиялар:

1. Жедел және созылмалы интерстициялық нефрит (дәрілік, иммуннды және т.б.)

2. Пиелонефрит және жәр жолдары инфекциялары

3. Метаболикалық нефропатия (нефрокальциноз, оксалаттар, несеп қышқылы)

  • Ісіктер:

1. Туберозды склероз

2. Вильмс ісігі

3. Бүйрек жасушалы карцинома

  • Тамырлық:

1. Бүйрек тамырларының дамуының ақауы (аневризма, гемангиома)

2. Орақ тәрізді жасулалық анемия кезіндегі нефропатия

  • Туберкулез
  • Бүйрек жарақаты

Бүйректен тыс        

Бүйректен төменгі (несеп жолдары)        

  • Бітелу (обструкция) •
  • Инфекция
  • Тастар
  • Ісіктер
  • Жарақат
  • Дәрілік заттар (циклофосфамид)
  • Бүйрек тамырларының дамуының ақауы
  • Басқа аурулар        
  • Антикоагулянттар
  •  Гиперкальциурия
  • Қуық асты безінің патологиясы
  •  Қан аурулары (тромбоцитопениялар, гемофилия, гемолитикалық анемиялар)

5. Зәр шығару  жүесінің инфекциясі бұл не?

Зәр шығару жүйесінің инфекциясы - несептің 1 мл-де 10*5 КОЭ-дан жоғары микробтық болуы және/немесе несеп жолының қандай да бір бөлігінде қабыну процесінің дамуымен уретраның сыртқы тесігінен бүйректің қабық қабатына дейін микробтық инвазиясы бар топиканы анықтаусыз несеп жүйесі мүшелерінің жұқпалы зақымдануы.

...

Скачать:   txt (25.3 Kb)   pdf (140.3 Kb)   docx (25.5 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club