Оқушы және оқушылыр ұжымын зерттеу диагностикасы
Автор: aidatolegen6 • Октябрь 20, 2022 • Реферат • 2,350 Слов (10 Страниц) • 824 Просмотры
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Факультет: «Шет тілі мұғалімдеірін даярлау»
Кафедра: “Тәжірибе жұмысының теориясы мен әдістемесі”
Баяндама
Тақырыбы: “ Оқушы және оқушылыр ұжымын зерттеу диагностикасы”
Орындаған 136 (ускр) тобының студенті:Төлеген Аида
Тексерген: Сарканбаева Г.К
Алматы 2022
Мазмұны
Кіріспе3
Оқушы және оқушылыр ұжымын зерттеу диагностикасы4
Қорытынды11
Пайдаланылған әдебиеттер12
Кіріспе
Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін танып білуді, соның негізінде оқу-тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдістемесін құруды міндеттейді. Оның себебі: қоғамның өзгеруіне байланысты мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуына әсер етуде. Осындай келеңсіз жағдайларды алдын-алу үшін оқушының жеке басын және сынып ұжымына диагностика жүргізу маңызды. Осы тұрғыда, диагностика дегеніміз амал-тәсілдердің көмегімен бақыланып немесе зерттеліп отырған объектінің жағдайы туралы ақпараттарды алу процесі.
Диагностика арқылы оқушылардың дүниетанымы, тәрбиелік деңгейі мен сапсы, қабілеттері мен қызығушылығы анықталады, нәтижесінде оқушылармен болашақта атқарылар тәрбиелік іс-шаралардың бағыттары мен мазмұны, оны ұйымдастырудың формалары мен амал-тәсілдері жоспарланады.
Қазіргі мектеп мұғаліміндерінде оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеу үшін жан-жақты бай ғылыми әдістемелер бар. Олар педагогикалық, психологиялық, социологиялық, этикалық т.с.с болып келеді. Осы барлық әдістемелерді пайдалана отырып, әрбір мұғалім өзінің сыныбы және әрбір оқушының жеке тұлғасын біле отырып өзінің тәрбие жұмыстарын мақсатты ұйымдастыра алады. Осы орайда, б ұл баяндама “Оқушының жеке басы мен оқушылар ұжымын зерттеу диагностикасы” тақырыбына арналған.
Кілт сөздер: оқушы, оқушылар ұжымы, диагностика, әдіс-тәсілдер, зерттеу, бақылау, нәтиже
- Оқушы және оқушылыр ұжымын зерттеу диагностикасы
Қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық диагностикалық әдіске жалпы қызығушылық артуда. Ол педагогтың мектеп психологының көмегіне сүйене отырып, тікелей немесе жанама түрде өзінің қатысуы арқылы жүзеге асады.
Оқушы тұлғасының дара-психологиялық ерекшелігін зерттеуде психологиялық-педагогикалық диагностика маңызды рөл атқарады.
Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында әрбір оқушының жеке-дара-психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық сипатын зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.
Оған оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, балалардың тұлғалық дамуын анықтауға маңызды үлес қосатын психологиялық-педагогикалық диагностикалық ақпараттарды алу-талдау әдістері жатады. Олардың көмегімен баланың психикалық процестерінің өту жағдайын мен сипаты, тұлғалық сапалар мен дара қасиеттердің жүйелі қалыптасуын анықтауға қол жеткізіледі.
Диагностикалық ақпараттарды алу әдістері мен амал-тәсілдерін негізгі 2 топқа бөліп қарастыруға болады: балалардың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын және моралдық-психологиялық жай-күйін арнайы зерттейтін әдістердің жиынтығы; педагогикалық диагностикалау тәсілдері.
...