Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақтың тұңғыш президенті

Автор:   •  Октябрь 24, 2018  •  Реферат  •  989 Слов (4 Страниц)  •  1,014 Просмотры

Страница 1 из 4

                              Қазақтың тұңғыш президенті

                                               Президент дегеніміз - өз  елінің тәрбиелі тұтқасы.

                                                                                                       Ж.Аймауытов

        Егемендік! Қандай құдіретті сөз десеңші... Осы сөздің астарында әр елге мәлім, әр адамға қуаныш пен шаттық сыйлайтын тылсым күш жатыр десек артық айтпаған болар едік. Осыдан жиырма үш жыл бұрын өз тәуелсіздігіміз жарияланды. Ақ түйенің қарны жарылып, егемендікке қол жеткіздік. Арайлап атқан таңды көру мұң болған қазақ үшін осы жылдар халықтың басына қонған бағы болды. Елімнің айы оңынан туып, алтын тақ орнады. Енді халқымның алдында ақылды да парасатты, қазақ елін биік-биік шыңдарға жетелейтін алтын тақтың патшасын сайлау ғана қалды.

         Сол кезде халық қалауымен қазақтың тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ақ киізге көтеріп, сенім артып патша етіп сайлаған қазақтың тұңғыш президенті жұрттың қамын  ойлап, халқының уайым-қайғысын жеп осы күнге дейін қазақ үшін аянбай еңбек  сіңіріп  келеді. Елбасымыз алғаш президент болып сайланғанда «Елінің тыныштығы - бейбітшілік» екендігін басты назарда ұстады.  Сол бір сәтте Қазақстанның жағдайы нашарлап, экономикасы құлдырап кеткен еді. Осының бәріне қарамастан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің парасаттылығы мен ақылдылығының арқасында қазақ елін биік шыңдардан  көрсете білді. Халқына жасаған жақсылығын саусақпен санау мүмкін емес. Жақсылық пен жамандық қатар жүреді демекші, қазақ елінің озып үдеген кезі де, тозып жүдеген кезі де болды. Бірақ, жаным – арымның садағасы деп өмір сүретін қазақ халқы еңсесін биік көтеріп жүруіне, жетістіктерге  жетуіне себепкер болған да - қазақтың тұңғыш Президенті. Күні бүгінге дейін қазақ үшін көп еңбек етіп, өз ғұмырының тең жартысын халқына арнап келеді. Былайша айтқанда, қазақтың қорғаушысы, қамқоршысы деуге болады. Елбасымыз жетім-жесірін жылатпай, жылағанды күлдіріп, мұңайғанды жұбатып, өз елінің қорғаушы тірегі. Президентіміз жиырма үш жыл елімізді билеп, оның отына күйіп, суына түсті. Бұл – ерлік! Әр адам ел басқарып басшы болуы мүмкін бірақ, бәрінің қамын ойлап өз өмірін еліне арнауы екінің бірінің қолынан келе бермейді. Алланың ақ жолынан адаспаған Елбасымыз, өз тілін де, өз дінін де дамытып әлемге таныта білді.

                            Нұрсұлтандай дана туған мекенде,

                            Өмір сүру мүмкін емес бекерге .

                            Өз елінің тәрбиелі тұтқасы,

                            Елбасымның ұлы жолын өтеуге – деген өлең жолдары арқылы мен періште сезім, бала жүрегіммен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы жолын ардақтайтынымды, үлгі тұтатынымды айтқым келеді. Елбасының айтқан сөзі, атқарған қызметі қазақ жастарына рухани күш беріп, халыққа, елге деген махаббатының оянуына үлкен себепкер болды. Осы заманда өзі үшін емес өз халқы үшін өмір сүретін адамдарды кездестіру қиынның қиыны...

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (76.7 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club