Эндокриндік жүйе
Автор: Akboootaaa • Сентябрь 8, 2022 • Реферат • 2,299 Слов (10 Страниц) • 478 Просмотры
«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОМЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Морфология және физиология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Эндокриндік жүйе
Орындаған: Айтбай А. 1018 ЖМ
Тексерген: Карибжанова Р.Т
Қарағанды-2021
Жоспар:
1.Кіріспе: Эндокринді жүйеге жалпы кіріспе.
2.Негізгі бөлім: Қалқанша безі.
Қалқанша маңы безі.
Ұйқы безінің эндокринді бөлігі.
Айырша без.
Бүйрек үсті безі.
Гипофиз
Эпифиз
3.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Т.М. Досаев- Анатомия оқулығы
- А.Рақышев- Анатомия оқулығы 2 том
- Ә.Б. Әубәкіров- Атлас Адам анатомиясы
- Л.Л.Колесников- Адам анатомиясы оқулығы 2 том.
Эндокринді бездер(glandulae endocrinae) көбею, өсу, зат алмасу сынды физиологиялық үдерістердің гормондық қызметін реттейді
Эндокринді бездер немесе ішкі секреция бездері деп спецификалық арнайы белсенді зат гормон бөліп, организмнің регуляция қызметіне қатысатын ағзаларды айтамыз. Эндокринді бездердің ерекшелігі оның шығару өзегі болмайды. Сондықтан, түзілген гормондар қанға немесе тікелей лимфаға бөлінеді.Осыған байланысты эндокриндік бездерде қан тамырлар өте көп болады. Эндокриндік жүйенің қылтамырлары созыла алады, ол синусоидалар деп аталады.Эндокриндік жүйенің барлық жұмысы жүйке жүйесі арқылы бақыланады. Қанға түскен гормон бірден бірнеше жүйке орталықтарына әсер етеді.Гормонның жетіспеушілігі немесе артықшылығы организмде белгілі бір ауытқушылықтар туғызады. Осы екі жүйенің өзара әрекеттесуі организмнің нейрогуморальды регуляциялық қызметінің жұмысын көрсете отырып, басты орында жүйке жүйесі тұратындығын көрсетеді. Эндокринді бездерің қызметінде гипоталамус маңызды рөл атқарады. Себебі, ол жүйке жүйесімен және эндокриндік жүйемен өзара тығыз байланысқан. Гипофиздің алдыңғы жағында түзілетін биологиялық белсенді заттар тропты гормондар деп аталады, олардың негізгі қызметі басқа эндокриндік бездердің қызметін реттеп отырады. Оған қоса бір безден бөлінген гормондар екінші бір эндокринді безге арнайы әсерін тигізе алады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондары қалқанша без гормондарының бөлінуін күшейтеді, ал АКТГ бүйрек үсті без гормондарының өнімдерін ынталандыруға қатысады.
Эндокринді бездердің жіктелуі:
- Бронхиогенді бездер:желбезекті аппараттың дамуымен байланысты болады. Оларға қалқанша безі, қалқанша маңы безі жатады.
- Эндотермалды бездер: Ішектік түтіктік эпителиден дамыған. Оған ұйқы безінің эндотермальды бөлігі жатады.
- Шығу тегі мезодермальды бездер: интерренальды жүйе, бүйрек үсті безінің қыртыс заты мен жыныс бездерінің интерстициалді жасушалары жатады.
- Шығу тегі эктодермальды бездер: нерв түтігінің алдыңғы бөлігінің туындылары,яғни оған гипофиз және эпифиз жатады.
- Шығу тегі эктодермальды бездер: нерв жүйесінің симпатикалық бөдімінің туындылары. Бұл топқа бүйрекүсті безінің милы заты мен параганглиялар жатады.
Қалқанша без
Қалқанша без, glandula thyroidea, ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірі тақ без. Ол мойынның алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында орналасады. Бездің оң үлесі (lobus dexter) сол үлесі(lobus sinister) және қылтасы (ithmus glandulae thyroidea) ажыратылады.Қылта қалқанша бездің оң және сол үлестерді байланыстырып тұрады. Кейде бұл қылтаның болмауы жиі байқалады.Қылта болмаған жағдайда үлестер дербес орналасады. Қалқанша без қылтасынан немесе бір үлесінен қалқанша шеміршегінің алдында орналасқан пирамидалық үлес lobus pyramidalis болады. Бездің максималды салмағы 30 жаста 25-30 граммды құрайды. Безде паренхиманы трабекулдармен байланыстыратын фиброзды капсула болады. Фиброзды қабықшаның сыртында висцералдық мойын ішілік шандырлар орналасады. Фиброзды капсула мен висцералдық мойын ішілік шандыр арасында қоймалжың шелмай орналасады, ол арқылы безге қан тамырлар мен жүйкелер өтеді.Қалқанша безі фаликулярлы жүйе ретінде, қабырғалы безді эпителиден құралған. Фолликулдар бездегі гормондарды ұстап тұратын коллоидпен толтырылған.
...