Iшкi секреция жүйесі (Эндокриндік жүйе)
Автор: ZhomartbekovaIB • Апрель 28, 2022 • Реферат • 1,840 Слов (8 Страниц) • 367 Просмотры
Iшкi секреция жүйесі (Эндокриндік жүйе)
Шығару жолдары жоқ және қанға тікелей барып құятын бездер - ішкі секреция бездері немесе эндокриндік бездер (грек. endon — ішкі; krinein — бөлу) деп аталады.
Эндокриндiк жүйе ағзанын гуморальды реттелуiнде (қаннын құрамындағы гормондар және минералды заттардың әсерлері аркылы органам кызметiнiң реттелуі) манызды рөл атқарады. Ол ағзанын ішкі ортасына арнаулы белсендi биологиялык заттарды бөліп шыгарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Гормондар қанның ағымымен iшкі мүшелерге және мүшелер жүйелерiне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездер үш топқа бөлінеді:
1. Сырткы секреция бездері (бауыр, сілекей , карын және ішек бездері);
2. Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз калканша без, тимус, калканша маңы бездер, бүйрек үсті безі);
3. Аралас секрециялык бездер (жыныс бездерi, ұйқы безі).
Сырткы секреция бездері деп сол бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айады. Сырткы секреция бездерiнiң өнiмдерiнiң құрамы әртүрлі: зат алмасудын сонгы енiмдерi ферменттер, су немесе тұздар. Без өнiмдерi қуысты мүше немесе дененiн сыртына бөлініп шығады. Мысалы, сілекей безi сілекейдi тікелей ауыз қуысына бөледi.
Ал iшкi секреция бездерiнiң сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлдi қанға бөледі. Ішкі секреция бездерiнiң құрамына мiндеттi түрде гормондар кіреді.
Биологиялық белсендi заттар - организмнiң қандай да бiр қызметiн атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстардың жалпы атауы. Бұл заттарға ферменттер гормондар, дәрумендер т.б. жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделі химиялық реакцияларды тездетедi. Дәрумендер (витаминдер - организмнiң тiршiлiк қабiлетi үшiн қажетті заттар, олар адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Дәрумендер организмде және одан көкөнiстер, жеміс-жидектердiң т.б. құрамында бар.
Гормондар – ішкі сереция безінің қанға бөліп шығаратын және дененiң түрлi әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге немесе бүкіл ағзаның белсендiлiгiне әсер етедi. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, наруыздар, стероидтар, май қышқылдары болып келеді.
Iшкi секреция бездері
Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерiнiң қызметін реттейтін орталык. Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп гипоталамус гипофиздiк жүйені кұрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадагы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөлiп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететiн статин (гипофиздың гормон тузуiн тежейдi) және либерин (гипофиздың гормон бөлу белсенділін арттырады) гормондарын бөледi. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлiгiнде жиналады.
Гипофиз - аралық мида орналасқан iшкi секреция бездерiнiң ен негiзгi жетекші орталығы. Гипофиз - сопақша пішінді салмағы 0,5-0,7г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы.
Аденогипофиз – алдыңғы және ортаңғы бөлік
Нейрогипофиз – артқы бөлігі
1. Алдыңғы бөлiктiң гормондары:
1) Қалканша безiнiң өсiп жетiлуiне әсер eтетін тиретропты гормон
2) Бүйрек үсті бездерiнiң белсендiлiгiн арттыратын тикотропты гормон
3) Жыныс бездері жетілуін, даму жұмысын гонадотропты қалпына келтiретiн гормондарды бөледі
4) Өсу гормоны немесе самототропты дейдi. Бұл гормон көптеп белiнгенде
...