Стоматологияда жергілікті және жалпы анестезия үшін қолданылатын анестетиктерге арналған дәрілік формуляр
Автор: mukanovalazzat • Ноябрь 23, 2021 • Творческая работа • 10,419 Слов (42 Страниц) • 419 Просмотры
Стоматологияда жергілікті және жалпы анестезия үшін қолданылатын анестетиктерге арналған дәрілік формуляр
Орындаған: М.К.
Тобы: 1-012 стоматология
Халықаралық патенттелмеген атауы (МНН) | Жоқ |
ДЗ сауда атауы | Убистезин 4% |
Фармакотерапевтикалық топ | Жергілікті анестетик+ альфа және бета адреномиметик |
Дәрілік түрі | Стоматологияда шырышты қабық астына инъекция жасауға арналған ерітінді, 4% 1,7 мл |
Көрсеткіші | Ттістерді бір-бірлеп және біртіндеп жеңіл жұлып тастауда; протездеу алдында кариозды қуыстарды дайындау және тіс тұқылдарын өңдеуде; таңдайды тілу және тігіс салуда |
Қарсы көрсеткіші | -4 жасқа дейінгі балаларға; - препараттың белсенді және қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта Құрамында артикаинның болуы нәтижесінде Убистезин келесі жағдайларда қолданылуға рұқсат етілмейді
Құрамында эпинефриннің вазоконстрикторлы компонент ретінде болуы нәтижесінде Убистезин келесі жағдайларда қолданылуға рұқсат етілмейді - тұрақсыз стенокардияда - жуықта миокард инфарктін бастан өткергенде - жуықта аорто-коронарлы тамырларды шунттау операциясы жасалса - рефрактерлі аритмияда - пароксизмальды тахикардияда немесе жүрек қағуының жоғары жиілігімен тұрақты аритмияда - емделмеген немесе бақыланбайтын артериялық гипертензияның ауыр түрлерінде - емделмеген немесе бақыланбайтын жүрек жеткіліксіздігінің іркілісі - моноаминоксидаза (MAO) тежегіштерін немесе үш циклдік антидепрессанттарды қолдана отырып, қатар жүргізілетін емде. Құрамында натрий сульфитінің қосымша зат ретінде болуы нәтижесінде Убистезин келесі жағдайларда қолданылуға рұқсат етілмейді - натрий сульфитіне аса жоғары сезімталдықта -бронх демікпесінің ауыр түрлерінде |
Жағымсыз әсері | Сирек (> 0,01 %) - брадикардия, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі - артериялық гипотензия - асистолия, жүректің тоқтап қалуы - ауызда темір татуы - құлақтағы шуыл - бас айналу, бас ауыру - жүректің айнуы, құсу - қозғыштық, ашушаңдық, гипервентиляция - ұйқышылдық, тремор, нистагм, логорея (сөйлеудегі қозушылық), бұлшықет треморы және тонико-клоникалық құрысулар - кома -ерін және/немесе тіл парестезиясы - тахипноэ - брадипноэ, ол апноэға әкеп соқтыруы мүмкін - тыныстың салдануы Өте сирек (< 0,01 %) - аллергиялық реакциялар Артикаинға бөртпелер, ісіну, қышыну, терінің қызаруы, есекжем, ангионевроздық ісіну, конъюнктивит, ринит, бронхтың түйілуі немесе анафилактикалық шок сияқты аса жоғары сезімталдық білінуі мүмкін. Бронх демікпесі бар науқастарда жүректің айнуы, диарея түріндегі біліністер болуы мүмкін. Прилокаинға баяу аллергиялық реакциясы бар емделушілерде артикаинға айқаспалы аса жоғары сезімталдық болғаны жөнінде хабарланған. Артикаинға немесе басқа амидтерге айқын аса жоғары сезімталдығы бар емделушілерге кейінгі ем шараларда күрделі эфир тобының анестетиктерін қолдану керек. Симптомсыз ағымда өтетін метгемоглобинемиясы бар емделушілерге артикаинның үлкен дозаларын енгізу клиникалық біліністерді тудыруы мүмкін. Препарат құрамында эпинефриннің вазоконстрикторлы компонент ретінде болуы келесі жағымсыз әсерлерге әкеп соқтыруы мүмкін Сирек (> 0,01 %) - ыстықты сезіну - тершеңдік - бас сақинасына ұқсас бас ауыру - артериялық қысымның жоғарылауы - кеуде артының ауыруы - тахикардия - тахиаритмия, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі - жүректің тоқтап қалуы - қалқанша бездің жедел ісінуі Препараттың құрамында натрий сульфитінің қосымша зат ретінде болуы келесі жағымсыз әсерлерге әкеп соқтыруы мүмкін Өте сирек (< 0,01 %) - аллергиялық реакциялар Аллергиялық реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық бронх демікпесі бар емделушілерде бронхтың түйілуі, демікпенің жедел ұстамасы, естен тану немесе шок, құсу, диарея түрінде білінеді. Препараттың құрамында артикаинның және эпинефриннің белсенді компоненттерінің болуы келесі жағымсыз әсерлерге әкеп соқтыруы мүмкін Препаратты енгізген сәттен бастап 2 апта ішінде бет жүйкесінің кейіннен салдануының дамуы мүмкін болуын жоққа шығаруға болмайды. Бұл құбылыстың 6 ай өткеннен кейін де орын алуы мүмкін екендігі жөнінде деректер бар. Әртүрлі асқынулардың және жағымсыз әсерлердің бір мезгілде пайда болуы клиникалық көріністерге препарат компоненттерінің өзара ықпал етуінің нәтижесінде болуы мүмкін. Жергілікті реакциялар: инъекция жасаған жердің ісінуі және қабынуы. |
Дозировкалау режимі, балаларға | Жоғарғы жақ тістерін жұлып тастау үшін көп жағдайларда бір тіске 1,7 мл Убистезин қолданылған инфильтрациялық анестезия жеткілікті болып табылады; Таңдайды тілген кезде немесе тігіс салған кездегі анестезия үшін бір инъекцияға шамамен 0,1 мл есебінен қолдану көрсетілген. Төменгі жақтағы кіші азу тістерді жеңіл жұлу кезінде бір тіске 1,7 мл Убистезин қолдана отырып, инфильтрациялық анестезия жасау жеткілікті болады; жекелеген жағдайларда препараттың 1-ден 1.7 мл-ге дейінгі мөлшерінде шырыш астындағы ауыспалы қыртыстарға қосымша инъекция қажет етілуі мүмкін. Мандибулярлы анестезия сирек жағдайларда қолданылады. 1,7 мл Убистезин жеткілікті болып табылады. Тіс жегі қуысын өңдеген кезде және жасанды сауыт астына тіс тұқылын дайындаған кезде вестибулярлы жағынан мөлшері бір тіске есептелген 0,5-1,7 мл Убистезин инъекциясын жасауға рұқсат етіледі. Төменгі жақтағы кіші азу тістерді емдеген кезде аумақтық анестезияны қолданған жөн. 1,7 мл Убистезин жеткілікті болып табылады. Дене салмағы 20 – 30 кг балаларға 0,25-1 мл доза; дене салмағы 30 – 45 кг балаларға 0,5 – 2 мл доза жеткілікті болады.Убистезин 4 жасқа дейінгі балаларға қолданылмау керек. Ең жоғары ұсынылған доза: Ересектер Ересектер үшін ең жоғары доза – 500 мг артикаин (дене салмағына 7 мг/кг), ол 12,5 мл Убистезинге баламалы, тиісінше - 7 картридж. Балалар Енгізілетін препарат мөлшері нәрестенің жасына және дене салмағына, сондай-ақ операция ауқымына қарай анықталады. Дене салмағына 7 мг/кг артикаинға баламадан арттыруға болмайды (0,175 мл Убистезин/кг). Инъекция жылдамдығы 15 секундта 0,5 мл-ден, яғни 1 картриджден аспауы тиіс. |
Қауыпты өзара әрекеттесуі | Әсері кардиоселективті емес бета-бөгегіштерді қоса қолдану Убистезин эпинефриннің болуына байланысты, артериялық қысымның артуына әкеп соғуы мүмкін. Кейбір ингаляциялық, галотан сияқты миокардтың катехоламиндерге сезімталдығын арттыру мүмкін дәрілік заттар, Убистезин қолдану кезінде аритмияға әкеп соқтыруы мүмкін. |
Ұсыным деңгейінің дәлелді дәрежесі көрсетілген тиімділігі туралы ақпарат | - |
Азаматтарды ГОМБП-мен қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектер тізімінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде болуы | Жоқ |
Рецепт | халықаралық:Rp.: Sol. Ubistesini 4 % 1.7ml |
...