Еңбекті қорғау және жалпы техника қауіпсіздігі
Автор: Жамиля Иманберди • Июнь 24, 2020 • Реферат • 4,064 Слов (17 Страниц) • 1,581 Просмотры
Еңбекті қорғау және жалпы техника қауіпсіздігі
Еңбекті қорғау – еңбек процессіндегі адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауды, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әлеуметтік экономикалық, техникалық, гигиеналық, ұйымдастырушы шараларға және заң шығарушы акттерге сәйкес келетін жүйе.
Еңбекті қорғаудың мәселесіне стандарттар (ССБТ – еңбекті қауіпсіздік стандарттар жүйесі), бекітілген МЕСТ–ды сақтау арқылы жоғары өнімділікте еңбектің максималды қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді.
Еңбекті қорғау жұмыс процесінде жұмысшының денсаулығын олардың қабілеттілігін арттыруға керекті экономикалық техникалық және гигиеналық шараларға тиісті заң жүйелері.
Еңбекті қорғауды ғылым ретінде қарайтын болсақ негізгі ғылымдардың (медицина, заң, экономика) негізгі қорытындыларын қамтитын ғылым. Еңбекті қорғау төрт бөлімнен турады: еңбекті қорғау құқықтары және ұйымдастыру шаралары; еңбек гигиенасы және өндірістік санитария; қауіпсіздік техникасы; өрт қауіпсіздігі.
Өндірісте еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын жүргізу өндірістегі әкімшілікке тапсырылады. Президент, директор, бас инженер.
Ал, цех, лобаратория бөлімшелерде сол цехтың бастықтарына жүктеледі.
Зауыттың территориясына қойылатын талаптар
Ет және ет өнімдері өндірісі зауытын салуға арналған жер телімін таңдау Мемлекеттің Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының міндетті қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс. Мұнда шикізат базасының орналасуын, басым желдің бағытын, ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін, ағын суды жіберу жағдайларын, «Өнеркәсіп орындарын жобалаудың санитарлық нормаларына» сәйкес 50 м кем емес қашықтықта санитарлық қорғаныс зонасымен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жобалайды.
Өндіріс орны қоршалуы тиіс және атмосфералық, еріген және ақпа сулардың ағынды канализацияға ағуы үшін грунтқа байланысты 0,003-0,05м еңіс болуы керек. Грунт суларының тұруы жертөлелік орындардың еденінің белгісінен 0,5 м-ден кем емес болуы керек.
Өндіріс орны анық функционалды зоналарға бөлінуі тиіс. Олар: завод алды, өндірістік және тұрмыстық-қойма зоналары.
Завод алдындағы зонаға кеңсе және санитарлы-тұрмыстық ғимарат орындары, бақылау-өткізуші пункт, жеке транспортты қоюға арналған аумақ, сонымен қатар қызметкерлердің демалуына арналған аумақ орналасады.
Өндірістік зонаға өндіріс ғимараттары: тағамдық шикізат және дайын өнімге арналған қоймалар, шикізатты және дайын өнімді тиеп-түсіруге, транспортқа арналған аумақтар, қазандық (қатты және сұйық жанармаймен жұмыс істейтін қазандықтардан басқасы), жөндеу-механикалық шеберханалар орналасады.
Тұрмыс-қоймалық зонада қосымша тағайындалудағы ғимараттар (градирнялар, сорап станциялары, аммиак, жағушы май, жанармай, химиялық реагент қоймалары, қатты және сұйық жанармай қазандықтары, қосымша құрылыс материалдары мен буып-түю материалдарға арналған аймақтар мен ғимараттар, қоқыс жинауға арналған контейнерлерге арналған аймақтар және т.б) орналасады.
Жеке зонаға артскважиналардың және су сақтауға арналған жер асты резервуарлардың айналасындағы қатаң режимді зона енеді. Сонымен қатар тазалаушы құрылғылардан өндіріс ғимараттарына дейінгі санитарлы-қорғаныс зонасы сақталуы тиіс.
Өнеркәсіп аумағында өтпелі немесе сақиналы, жақсартылған, біркелкі қабатпен қапталған (асфальтобетон, асфальт, бетон және т.б) транспорт жолы; шаңдалмайтын қабатпен қапталған (асфальт, бетон, плиталар) қызметкерлерге арналған жаяу жүргінші жолы болуы керек.
Құрылыс орындарынан және жолдардан бос жерлерде демалуды, ағаш-бұта типтес өсімдіктермен, газондармен жасылдандыруды қамтамасыз ету қажет. Өндіріс аумағы жер теліміның периметрі бойынша және зона аралықтарда жасылдандырылуы тиіс. Гүлдеу барысында
...