Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Спорттық-қызметтік қабілеттілікті қалыпқа келтірудің медициналық құралдары

Автор:   •  Декабрь 17, 2022  •  Лекция  •  1,044 Слов (5 Страниц)  •  235 Просмотры

Страница 1 из 5

11 дәріс. Спорттық-қызметтік қабілеттілікті қалыпқа келтірудің медициналық құралдары.

Жоспар

1.Спорттағы қалыпқа келтірудің кешенді жүйесі.

2.Спортшыны және дене тәрбиесімен шұғылданушыны медициналық зерттеу дәрігердің қорытындысымен аяқталуы керек.

3.Анамнездің, дене дамуы көрсеткіштерінің, функционалдық зерттеулердің,  мамандар тұжырымдамаларының негізінде спорттық-дәрігер жалпы қорытынды шығарады.

Денсаулықты бағалаудың жолдары және бағасы. Спортпен немесе дене тәрбиесімен шұғылдануға рұхсат алғашқы дәрігерлік зерттеулер қорытындысына байланысты. Спортпен шұғылдануға шек қойылмайтын баға қатарына «дені сау» диагнозы жатады. Бұл диагноз зерттелуші организімінде ешқандай дерттің жоқ екенін көрсетеді. Диагноз сенімді болуы үшін заманауи диагностикалық құрал-жабдықтар қолданылады. Егерде «дені сау» диагнозы күмән туғызбаса және ары қарай жүргізілген зерттеулермен қуатталса, спортпен шұғылдануға рұхсат беріледі және оның лайықты түрлері көрсетіледі. Берілген нұсқау негізіне талапкердің дене ерекшеліктері, конституциясы, организімінің функциялық күйі салынады. Егерде зерттелушіге спортпен шұғылдануға рұхсат берілмесе, дәрігер шешімнің негізінде абсолютті қарсы көрсеткіштер жатуы керек. Осындай жағдайда дәрігер зерттелуші талапкерге спортпен емес, дене тәрбиесімен шұғылдануға ұсыныс береді және оның мінездемесін, мөлшерін анық көрсетеді.

Спортпен шұғылдануға абсолютті қарсы көрсеткіштер қатарына емдеуге келмейтін аурулар мен организм мүшелеріндегі жеткіліксіздер мен кемістіктер кіреді. Мысалы, өкпенің, бауырдың, ішек-қарынның, бүйректің созылмалы аурулары, жүрек қақпақшалары мен басқа бір мүшелерінің жеткіліксіздері және кемістіктері спортпен шұғылдануға абсолютті қарсы көрсеткіштер.

Спортпен шұғылдануға абсолютті қарсы көрсеткіштермен қатар шартты қарсы көрсеткіштер де болады. Олар жалпы денсаулық кемшіліктері, дене дамуындағы қалыс қалушылық, спорттың дәл осы түрімен шұғылдануға мүмкіндік бермейтін дерттік процестер.

Спортпен шұғылдануға уақытша шек келтіретін дертті процестер болады. Олардың қатарына созылмалы инфекция ошақтары жатады. Созылмалы инфекция ошақтарына тіс жегісі, көмекей бездерінің, мұрынның, өт қабының созылмалы аурулары жатады. Созылмалы инфекция ошақтары өздерін белсенді түрде білдірмейді, шағымдар тұғызбайды, клиникалық симптомдары болмайды. Қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларына байланысты организмнің қорғаныстық мүмкіндігі төмендесе, жасырын жатқан ошақтар белсенді күйге көшеді де, басқа мүшелер мен жүйелерге залалды әсер береді. Егерде созылмалы инфекция ошақтарын жоюға емдеу-сақтандыру шаралары жасалса, организм сауығады.

Дене дамуын бағалаудың жолдары және бағасы. Түрлі әдістерді   пайдалана отырып табылған дене дамуының деректері негізінде қорытынды жасалады да, баға беріледі. Дене дамуына төмен, орташа, жоғары деген баға қойылады. Қорытындыда дене дамуындағы кемістіктер, сымбаттың бұзылыстары, дене көрсеткіштерінің қалыптан қалыс қалғаны және тағы басқа ақаулар көрсетіледі.

Дене жаттығулары адам организімінің қызметтік қабілеттілігін көтеріп ғана қоймайды, сонымен қатар денедегі кемістіктерді де жояды, денсаулыққа жағымды әсер береді. Мысалы, омыртқа бағанасының дерттік қисықтары – құныстық, жалпақ арқа, сколиоз, кифосколиоз, сыртқы тыныс пен жүрек-қантамырлар қызметіне  жағымсыз әсер етеді және олар ауруларының пайда болуына септігін тигізеді.

Спортпен  шұғылдану, үлкен дене жүктемелерін көтеру үшін денсаулық абсолютті, дене дамуы жақсы болғаны жеткіліксіз. Бұған қоса адам организімінің қызметтік қабілеттілігі жоғары болуы керек. Сондықтан зерттелуші организімінің қызметтік қабілеттілігін бағалау, медициналық қорытындының үшінші бөлімі болып келеді. Деректер алғашқы дәрігерлік зерттеу кезінде жүргізілген функционалдық диагностикадан алынады.

Функционалдық диагностиканың негізінде организмнің қызметтік қабілеттілігі көтерілгені немесе төмендегені жөнінде қорытынды жасалады. Оның көтерілгені әдетте машықтық деңгейінің көтерілгенін көрсетеді. Жаттығулар мен жарыстар кезінде жүргізілген зерттеулер нәтижелері бапкерге арнайы машықтықтың қалыптасқаны жөнінде мағлұмат береді.

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (75.1 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club