Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Созылмалы миелоидты лейкоз. Созылмалы ағымды фазасы. Алғаш анықталған

Автор:   •  Март 19, 2019  •  История болезни  •  1,005 Слов (5 Страниц)  •  1,076 Просмотры

Страница 1 из 5

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Ауру тарихы

Науқастың аты-жөні:

Клиникалық диагнозы: Созылмалы миелоидты лейкоз. Созылмалы ағымды фазасы. Алғаш анықталған.

Ілеспелі диагноз: созылмалы панкреатит .. созылмалы холецистит

Астана 2018 жыл

Паспорттық бөлім

1.Аты-жөні: Мисюрина Татьяна Михаиловна

2. Жасы: 30.03.1959 (58 жаста)

3. Жынысы: әйел

4. Ұлты: қазақ

5. Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған

6. Жұмыс орны : зейнеткер

7. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылы, Абай көшесі 19

8.Ауруханаға түскен уақыты: 27.04.18 ж. 09:30

II Науқастың шағымдары

Науқас жалпы әлсіздікке, сол жақ қабырға асты қатты қақсап ауырсынуына , тыныштықтағы тершеңдікке шағымданады. Ауырсыну көбінесе түскі уақытта байқалады, иррадияция жоқ.

III Ауру анамнезі (ANAMNESIS MORBI)

Науқас өзін 2017 жылдың қараша айынан бастап аурумын деп санайды. Жалпы әлсіздік, ұйқысыздык, сол жақ қабырға және іш аймағының қатты ауырсынуына шағымданып, жергілікті мекен жайы бойынша аудандық ауруханаға қаралған. Ол жерде бүйрекке, бауыр, асқазан асты безіне УДЗ жасалып созылмалы холецистит, созылмалы панкреатит, спленомегалия, екі жақты пиелонефрит деген ұйғарым берілген. Емдік мақсатта Фестал, Панкреатин тағайындалған. Емнен уақытша эффект болған. Асқазан аймағындағы ауру сезімдері 2000 жылдан бастап мазасын алған, панкреатит диагнозы қойылып, сол бойынша емделген, бірақ емді дұрыс алмаған, өз бетінше Аллохол дәрі-дәрмегін қабылдаған, уақытша эффект болған. 2018 жылдын қантар айында қайтадан осы шағымдармен ауруханаға келеді. Қажетті зерттеулер жүргізіліп, ЖҚА нәтижесі бойынша: Нв-144г\л, эр-4,75*10\л, тромб- 858*10 \л, лейк- 11,40*10 \л, нейтр-с\я-7,31*10 \л, эозин-8,6% гематология бөлімшесіне жіберілді. 20.04 .2018 жылы гематолог дәрігерінен консультация алынып, ары қарай ем алу үшін портал бойынша госпитализациялану шешілді.

IV.Өмір анамнезі (ANAMNESIS VITAE)

30.03.1959 жылы Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп аяқтап, филология мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген

Науқастың дамуы мен өсуі: жасына сәйкес;

Әлеуметтік – тұрмыс жағдайы: қанағаттанарлық;

Жанұялық жағдайы: тұрмыста , жүктілік саны – 4, босану саны – 2, жасанды түсік -2

Еңбек тарихы: оқу орнын бітірген соң хатшы болып жұмыс атқарған. Қазіргі таңда зейнеткер.

Бұрын ауырған аурулары: созылмалы панкреатит , созылмалы холецистит . Туберкулез, гепатит, ВИЧ ауруымен ауырмаған.

Әлеуметтік жағдайы: қанағаттанарлық.

Денсаулыққа зиянды әдеттері: жоқ;

Тұқым қуалаушылық аурулары: жоқ;

Аллергоанамнез: хлорлы заттарға, терісінің жарылып кетуімен сипатталады .

V.Объективті қарау (STATUS PREASENS)

Есі: анық

Төсектегі қалпы: белсенді

Жалпы жағдайы :орташа ауыр

Дене бітімі: гиперстениялық

Бойы: 168 см

Салмағы: 85 кг

Тері жамылғысы: құрғақ, таза, тургоры сақталған.

Лимфа түйіндері: ұлғаймаған.

Нейроэндокринді жүйе: сөзі дұрыс, тіл күрмелуі жоқ.

Қалқанша безі: көлемі ұлғаймаған, жұтынғанда пальпацияланады, ауырсыну сезімі жоқ.

Есте сақтау қабілеті: біршама бұзылған

Бұлшық ет жүйесі:

...

Скачать:   txt (12.9 Kb)   pdf (51.8 Kb)   docx (14.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club