Симпатикалық-адреналды криз.Жедел көмек көрсету тактикасы
Автор: r.orinbasarovna • Апрель 7, 2019 • Реферат • 839 Слов (4 Страниц) • 918 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Симпатикалық-адреналды криз.Жедел көмек көрсету тактикасы.
Факультет: жалпы медицина
Кафедра: неврология, психиатрия және наркология.
Дисциплина: неврология
Орындаған: Ожанова А.А
Тобы: 514 А
Тексерген: Маннапова А.И.
Ақтөбе 2018 жыл
Жоспары:
І.Кіріспе.
Вегетативті-тамырлық криз,жіктемесі
ІІ.Негізгі бөлім.
- Симпатикалық-адреналды криз,этиологиясы,патогенезі
- Симпатикалық-адреналды криз клиникасы,екшеу диагностикасы
- Шұғыл медициналық көмек
ІІІ.Қорытынды.
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Симпатикалық-адреналды криз –гипертинзивті типтегі вегето-тамырлық дисфункция көрінісі болып табылады. Көбіне ол күннің екінші жартысында немес түнгі уақытта байқалады. Симпатикалық-адреналды криз бөлек сырқат емес, жедел ұстама ретінде артериалды қысым көтерілуімен сипатталатын синдром.
Вегетативті-тамырлық криз бар науқастарды диагностикалау мен емдеудің негізгі өзектілігі-криздің жағдайлардың жиілеуі мен оның жедел көмек көрсетуін талап етуінде.
ВТК-бас миының орталықтық басқаратын жүйелерінің тұрақты патологиялық өзгеруіне әкеледі.
Негізгі бөлім
Вегетативті-тамырлық криз
ДДҰ анықтамасы бойынша ВТК-лимбико-ретикулярлы комплекстің функционалды немесе морфологиялық зақымдануының нәтижесінде пайда болатын және әртүрлі менталды,вегето-невротикалық,эндокринді-метаболикалық симптомдармен көрінетін жедел психо-вегетативті синдром.
Бұл ургентті синдромды манифестті және декомпенсациялық форма ретінде де қарастыруға болады.
[pic 1]
Вегетативті тамырлық криздің клинико-патогенетикалық жіктелісі
- симпатикалық-адреналды криз;
- вагусты-инсулярлы (парасимпатикалық немесе вагусты);
- аралас криз;
- истео-тәрізді (естен тану-тетаникалық);
- -вестибулопатикалық;
- -псевдоаддисонды;
- -мигрень тәрізді (кластерлы).
Этиологиясы
- Симпатикалық-адреналды криздің негізгі себебі-нақты неврогенді патогентикалық фактор ретінде теріс эмоция.Теріс эмоция-кортико-субкортикалды реакция ретінде жүретін психо-эмоционалды бұзылыс болып саналады,ол вегетативті-эндокринді өзгеріске әкеледі.
Эмоция висцералды мүшелерге вегетативті жүйке жүйесі арқылы әсер етеді,ал ол өз кезегінде автономды болып саналады.
Барлық мүшелер мен жүйелер үнемі симпатикалық және парасимпатикалық вегетативті иннервация әсерінде.Симпатикалық жүйке жүйесі адреналин және норадреналин бөледі.
- Тағы бір себептерінің бірі-туа пайда болған,тұқым қуалайтын конституциялық ерекшеліктер мен жүре пайда болған травма,инфекция,ұзақ уақыт психоэмоционалды күйзелісте болу,невроздар мен невроз типті жағдайлар.
- Физикалық себептер.Адамдағы әртүрлі соматикалық аурулардың болуы (гормоналды дисбаланс,жүрек-қантамыр,асқорыту жүйесіндегі аурулар,т.б)
Симпатикалық-адреналды жүйе
[pic 2]
Патогенезі
1) Эмоционалды жүктеме кезінде,күйзеліс әсерінен бас миынан бүйрек үсті безіне сигнал келіп,одан адреналиннің көптеп бөлінуіне әкеледі,ал ол өз кезегінде симпатикалық-адреналды криздің туындауына әкеледі.
2) Ішкі физикалық себептер біріншіден организмнің ішкі жүйелер қызметі бұзылысынан туындайды. Үрейлік жағдайлар бүйрекүсті без өзінде орналасқан ісіктер нәтижесінд болуы мүмкін,ол бүйрекүсті безінен адреналиннің көптеп бөлінуіне әкеледі. Ишемия,нейроинфекция,гормоналды дисбаланс кері байланыс тұрақтылығын бұзып,адреналиннің көптеп бөлінуіне себеп болады.
...