Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жедел медициналық көмек

Автор:   •  Апрель 6, 2020  •  Контрольная работа  •  1,542 Слов (7 Страниц)  •  545 Просмотры

Страница 1 из 7

Жедел медициналық көмек

1. BLS техникасы «Ағзаның өмірге маңызды негізгі функцияларын сақтауға арналған негізгі дағдылар».

2. 5 жастан асқан балаға жүрек-өкпе реанимациясы.

3. PHTLS, хирургиялық крикотиреотомия (Ересектер).

4. PHTLS, шина салу.

5. Асқазанды шаю.

6. Бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу.

1.BLS ТЕХНИКАСЫ «АҒЗАНЫҢ ӨМІРГЕ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫН САҚТАУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ДАҒДЫЛАР»

Білім алушыға тапсырма: BLS техникасын жасауды муляжда көрсетіңіз, бір уақытта емтихан алушыға жасағаныңызды ауызша сипаттаңыз.

Емтихан қабылдаушыға хабарлама: білім алушының тәжірибелік дағдыны орындау әрекетін төмендегі адымдық әдіс бойынша баллмен бағалаңыз.

Керекті құрал-жабдықтар: манекен, қолғаптар, маска, жүрек- өкпе реанимациясын (АМБУ МАН) жасауға арналған тренажер.

№ Дағдыны бағалау критерийлері Балл бойынша бағалау

1. Науқасқа айқайлау (мысалы, «ер адам, сізге не болды?» егер науқастың аты-жөні белгісіз болса), иығынан түрткілеп қарым-қатынас орнатуға тырысу. Анықтаңыз: есі жоқ. Белгілі бір адамға қарап «103-ке хабарласыңыз, дефибрилляторы бар жедел жәрдем бригадасын шақырыңыз және менің іс-әрекетімді бақылап тұрыңыз». 10 5 0

2. Тынысының болуын анықтау (10 сек) – «көремін, естимін, сеземін». Жүректің тоқтау белгілерін анықтау: ұйқы артериясында екі жақтан да пульстің болмауы. 10 5 0

3. «С». «Жүрек өкпе реанимациясына кірістім» деп айту. Науқасты қатты, тегіс жерге арқасымен жатқызу. Қолдары денесі бойымен, аяқтарын 30º көтеру. Кеуде мен ішті қысып тұрған киімдерінен босату. 10 5 0

4. Бір қолдың алақанын төстің төменгі үштен бір бөлігіне орналастыру. Екінші қолдың алақанын оның үстіне төмен жатып орналасқан қолға тік бүрыш жасай орналастыру (саусақтар кеуде қуысына тимеу керек). 10 5 0

5. Түрткі тәрізді итермелі қимылдармен төстің омыртқаға қарай 5 см кем емес және 6 см артық емес ығысатындай басып, минутына 100-120 дейін компрессия жүргізу. Компрессия арасындағы максималды үзіліс – 10 сек. Кеуде клеткасының әрбір компрессиядан кейін жазылуына көз жеткізу. 10 5 0

«Ауыздан ауызға» өкпені жасанды желдету әдісіне көшу.

6. «А». Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.

Ауыз қуысын қарау, ауыз қуысын бөгде заттардан тазарту. Сафар үштік әдісін жасау:

- басты шалқайту (егер мойын жарақатын жоққа шығарсаңыз); - бір қолды маңдайға, екінші қолды науқастың мойынының астына орналастыру;

- төменгі жақты шығару (мойын астындағы қолмен);

- аузын ашу. Ары қарай терең дем алғанда міндетті түрде науқастың төменгі жағын ұстап тұру. 10 5 0

7. «B». ӨЖЖ жасау. Бір қолдың бірінші және екінші саусақтарымен науқастың мұрнын қысу. Терең дем алу; өзінің еріндерімен науқастың еріндерін тығыз қамтып, науқастың аузына ауа үрлейді. Көлемі шамамен 500 мл. Алшақтап, толық дем шығаруын күту және екінші рет дем беру. 1 рет дем алдыру = 1 с., 1 рет дем шығару = 2 с. 10 5 0

8. Жүректің массажы мен ӨЖЖ бірге 30:2 қатынасында жүргізіледі. 30 – компрессия, 2 – вентиляция = 1 цикл. ЖӨР 5 циклы = ЖӨР 1 кезеңі. 10 5 0

9. ЖӨР 1 кезеңінен кейін (5 цикл) стоп-анализ: ұйқы артерияларында пульс сезіледі, тынысы бар, реанимациялық шаралар сәтті өтті. 10 5 0

10. Науқасты «рекавери» қалпында жатқызу және «жедел жәрдеммен» реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызу. Егер ұйқы артерияларында пульс анықталмаса, жүрек –өкпе реанимациясын 30 минут жалғастыру. 10 5 0

Максималды балл 100 50 0

Бағалау критерийлері

%-мазмұны Әріптік бағалау жүйесі Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

95-100 А Өте жақсы

90-94 А-

85-89 В+ Жақсы

80-84 В

75-79 B-

...

Скачать:   txt (24.7 Kb)   pdf (65.4 Kb)   docx (21.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club