Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лимфатикалық жүйенің физиологиясы. Микроциркуляция

Автор:   •  Ноябрь 27, 2018  •  Реферат  •  4,014 Слов (17 Страниц)  •  1,338 Просмотры

Страница 1 из 17

Қарағанды медицина университеті

Физиология кафедрасы

     №3 СӨЖ

Тақырып: Лимфатикалық жүйенің физиологиясы. Микроциркуляция.

                                                                                Орындаған:  Әліш Ұ.

Бастарбек А.

                                                                      ФӨТ  1-002 топ

                                                              Тексерген:

Қарағанды  2018 ж

   Жоспары:

       І. Кіріспе бөлім

       II. Негізгі бөлім    

1. Лимфа жүйесі

2. Лимфының құрамы

3. Лимфа қылтамырлары

4.  Лимфа түйіндері

5. Лимфа жүйесінің қызметі

6. Лимфа түйіендерінің қатерлі ісігі

7. Лимфа бездерінің қабынуы

       III. Қорытынды

       Пайдаланылған әдебиеттер

   

      Лимфа (латынша «lympha» -таза су, ылғал) – адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа – ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз, 0,1% глюкоза, 0,9% минералды тұздар.Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруздары 3-4  есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді – лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит – лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер – ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.

    Лимфада өте ұсақ липидтер болады. Олардың мөлшері көбейсе, лимфаның түсі сүттей болып ағарады. Сондықтан да ішектің лимфа тамырларын сүт тамыры деп те атайды. Хиломикрондар ішектің шырышты қабығы арқылы ішек бүрлеріндегі лимфа тамырларына өтеді. Лимфа құрамында адреналин, тироксин, эстроген, тестостерон т.б гормондар, көптеген ферменттер болады. Одан әсіресе бауыр мен лимфада көп. Аталған энзимдердің көбі қан жүйесіне лимфа тамырлары арқылы өтеді. Сонымен бірге лимфа қуысында лимфоциттер мен аздаған лейкоциттер басқа да түрлері болады. Кеуде түтігінің сағасына жақындаған сайын лимфа құрамында лимфоциттер көбейеді, олар лимфа тамырларына лимфа түйіндерінен өтеді. Сондықтан да лимфоциттер саны әр ағзада әр түрлі, қай ағзадан алынуына қарай 1 мкм лимфада 2-25 мың лимфоциттер болады. Кеуде өзегі арқылы қан жүйесіне тәулігіне 35 млрд лимфоцит ауысады. Осы өзекті байлап тастаса қанда лимфоцит саны азайып кетеді. Адам денесінде қанша лимфа бар екені белгісіз. И.Русньяктың мәліметі бойынша, лимфа тамырларында 1-2 литр лимфа бар, ал кейбіреулері лимфаны қан көлемімен бірдей деп санайды.

       

       Лимфа жүйесі-( systema  lуmphaticum) тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады. Оның элементтерінің қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты иммунды қорғаныш қызметін қамтамасыз ететін иммунды жүйе. Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды.

 

      Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырлары – пішіні саусақ тәрізді тұйық басталатын, тым жұқа қабырғалы лимфа тамырлар жүйесінің басталар бөлігі. Лимфа қылтамырларының қабырғасы жалаң қабат эндотелиоциттерден тұрады. Қан қылтамырларына қарағанда лимфа қылтамырлары қабырғаларында негіздік жарғақ болмайды және арнасы кең келеді.  Лимфа қылтамырлары мижұлыншеміршекқағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады. Лимфа қылтамрлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалар бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытқа (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена қанымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.  Жүйенің бастапқы звеносы – лимфа капиллярлары ( vasa lumphocapillaria) базалді жарғағы жоқ, жұқа эндотелиалды түтікші, қантамыр капиллярларынан айрмашылығы, ол соқыр басталады, диаметрі 10-нан 200 мкм шамасындай. Лимфа капиллярлары лимфа жүйесінің түбірлер болып саналады. Бір-бірімен анастомоз құрап, лимфа каппиллярлары бүкіл ағзалар мен тіндерде әртүрлі лимфа капилляр торын немесе өрімін құрайды. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық.

...

Скачать:   txt (49.2 Kb)   pdf (182.1 Kb)   docx (29 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club