Көзге арналған дәрілік түрлер
Автор: Kyka Bekseit • Март 12, 2024 • Реферат • 3,421 Слов (14 Страниц) • 504 Просмотры
Көзге арналған дәрілік түрлер
Көзге арналған дәрілік түрлердің сипаттамасы. Қазіргі заманғы ғылыми медицинаның құралдандыруға алған, дәрілік құралдардың кең ассортименті ішінде көзге арналған дәрілік түрлер ерекше орын алады, және олардың өндірісі фармацевтік технологияның дербес тақырыбы болып табылады. Бұл адамның көру мүшесінің бірегей ерекшеліктерімен, тек қана өзінің құрылысы және қасиеттері, сонымен қатар қазіргі заманда қатаң орнатылған, дәрілік заттарды енгізгенде олардың арнайы сіңірілу және таралу механизмімен, сол заттардың көздің әртүрлі ұлпаларымен, сұйықтықтарымен әрекеттесу ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
[pic 1]
Көз ұлпаларының аса жеңіл жарақаттануы, адамның көру мүшесінің орасан зор көп аурулары (қабақ абсцестері, ангиома, блефарит, глаукома, трахома, ксерофтальм, офтальмомикозы, ретинит, склерит және басқалар), офтальмологиялық іс-тәжірибеде қолданылатын, препараттарды жасап шығару және үнемі жетілдіру керектігін негіздейді.
Көздің кілегей қабығы ағзаның барлық кілегей қабықтарының ішіндегі ең сезімталдысы. Ол сыртқы тітіркендіргіштерді бірден сезеді - механикалық қоспалар, осмостық қысым, көз жасы сұйығының рН мәніне әсер етеді. Көз жасы сұйығы микроорганизмдерден қорғаныс барьері рөлін атқарады. Көз жасы сұйығында лизоцим болғандықтан ол бактерицидті әсер көрсетеді, бірақ патологиялық жағдайда көз жасы сұйығындағы лизоцим мөлшері едәуір азаяды.
Көзге арналған дәрілер қатты, сұйық, жұмсақ, газ тәріздес түрінде шығарылады.
Қатты көзге арналған дәрілерге: таблеткалар, қарындаштар, сеппелер, көз қыстырғыштары, ламелалар; газ тәріздес – аэрозольдер (көз спрейлері); жұмсақ – гомогенді және гетерогенді жағармайлар; сұйық – нақты сулы және майлы ерітінділер, коллоидты ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар жатады. Олар көз тамшылары, көзге басуға арналған ерітінділер, шаншуға арналған ерітінділер түрінде қолданылады.
Көз дәрілік түрлері қолдану тәсіліне байланысты ерекше топқа бөлінеді. Офтальмологиялық ерітінділерді дайындау процесі дәріхана жағдайында қиын және жұмысы көп.
Көз тамшылары - Guttae ophthalmіcaе. Көз тамшылары сулы немесе майлы ерітінділер, дәрілік заттардың майдағы суспензиясы.
Көз тамшыларын стерильді пипетка көмегімен көздің шырышты қабығына енгізеді. Қысқа мерзім аралығында қолдану есебімен көз тамшыларын аз (5-10 мл) көлемде белгілейді.
Көз тамшылары түрінде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері қолданылады. Олардың көбі тұрақсыз және жоғары температура, жарық, микрофлоралар және басқа факторлардың әсерінен өзгереді немесе бұзылады.
Жиі көз тамшыларын витаминдермен (аскорбин қышқылы, тиамин бромиді, рибофлавин), алкалоид тұздарымен (атропин сулфаты, пилокарпин гидрохлориді және басқалар), антибиотиктермен (бензилпенициллин,
левомицетин, неомицин және басқалар), мырыш сульфатымен, бор қышқылымен, сульфацил-натриймен белгілейді.
Көз тамшыларына, көзге басуға арналған ерітінділерге келесі талаптар қойылады: стерильділік, тұрақтылық, қарусыз көзбен көрінетін механикалық қоспалардың болмауы және изотондық.
Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету. Көз тамшыларының және басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету үшін, оларды асептикалық жағдайда дайындайды. Термостабильді ерітінділерді (атропин сульфаты, пилокарпин гидрохлориді, мырыш сульфаты ерітінділерін) стерильдейді. Термолабильді дәрілік заттардың ерітінділері (резорцин, физостигмин, салицилат, бензилпенициллин натрий, кейбір көп компоненті жазылымдар) асептикалық жағдайда стерильдеусіз дайындалады. Микроорганизмдерді және олардың спораларын ұстап қалатын мембранды және терең қабатты
...