Жасөспірімдер мен менопаузалық кезеңдегі әйелдерге кеңес беруге қатысып, эссе жазу
Автор: Makhmut • Май 17, 2019 • Доклад • 1,010 Слов (5 Страниц) • 1,621 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра:№ 1 ЖДТ Коммуникативті дағдылар курсымен
Тақырыбы: Жасөспірімдер мен менопаузалық кезеңдегі әйелдерге кеңес беруге қатысып, эссе жазу.
Орындаған: Джыккынбаева С.Э
Тобы : 507«А»
Тексерген: Каримсакова Б.К.
Ақтөбе 2018жыл
Жоспар
- Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Менархе-алғашқы етеккір
- Жасөспірімдерге кеңес беру
- Менапауза кезіндегі әйелдерге дәрігерлік кеңес беру
- Климакс кезінде болатын өзгерістер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қыз балаға етеккірдің келуі оны есеюге жақындата түседі. Етеккірдің келе бастауы – жыныстық жетілудің белгісі емес, оның бастамасы ғана.Қыз балада етеккірдің келуі – оның өміріндегі өте маңызды оқиға. Бұл кезеңде ол өте осал келеді және ересектердің, әсіресе анасының қолдауын қажет етеді.Алғашқы етеккірдің келуі кешеуілдеген жағдайда, қыз бала қатты қапалануы мүмкін. Бұл жағдайда анасымен бірге гинекологқа барып, кеңес алғаны дұрыс.Қыз балалардың көбінде етеккір арасындағы үзіліс алғашқы уақытта дәл болмайды. Қанды бөлінділер екі үш айда бір рет, кейде бұдан да сирек бөлінуі мүмкін.Жыныстық жетілу дами түседі, қыз баланың омырауы өседі, денесі толықсып, қасағадағы түк әйел типі бойынша бөлініп, үшбұрыш пішінді болады, ал қолтықтағы түк қалыңдай түседі.
Гигиена немесе тазалық шарттары
Жасөсіпірім қыз баланың жалпы тазалығымен бірге жыныс ағзаларының, әсіресе етеккір кезіндегі тазалығы аса маңызды. Жыныс мүшелері гигиенасы – жыныс мүшелерінің дұрыс қызмет етуінің және аурулардың алдын алудың алғышарты. Жыныс мүшелерін күнделікті тазалап жуу шарт. Бұл жердің терісі тым нәзік, сондықтан оны қабыну мен қозуға жол бермеу үшін ақырын, мұқият жуу керек.Әйел жыныс мүшелерінің тазалығы оның өмірінің әр кезеңінде өзінше ерекшеленеді. Тиісті тазалық шарттары сақталмаған жағдайда, вульвит дамуы мүмкін.Таңертең және ұйықтар алдында кіші және үлкен дәретке отырған соң жыныс мүшелерін жылы сумен жуу шарт. Таза қолмен, мақтамен немесе дәке шүберекпен қасағадан анусқа қарай жуу керек.Балаға кішкентайынан кіші және үлкен дәретке дер кезінде, жүйелі түрде баруды үйреткен жөн. Өйткені ішек пен қуық толып қалса, жамбас ағзаларының жұмысына кері әсер етеді. Баланың ішкиімі табиғи матадан тігілуі, жыныс мүшелеріне тым жабысып тұрмауы, қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.Жыныстық жетілу шағына жеткенде қыз бала тазалықты сақтауға үйретілуі тиіс. Етеккір кезінде жұқпаларға деген сезімталдық артады, сондықтан бұл кезде қыз балаға ауыр дене жаттығуларын жасауға, секіруге, велосипед тебуге, жүзуге болмайды. Етеккір кезінде себілге (душқа) түсіп, жуынған дұрыс, жыныс мүшелерін күніне кем дегенде екі рет жуып, төсемені жиірек ауыстыру керек.
[pic 1]
Жасөспірімдер мен әйел адамдарға организмдерінде болатын анато-физиологиялық өзгерістеріне байланысты,соның ішінде әр кезеңдегі әйел адамдарда болатын кезеңді өзгерістер жайлы, репродуктивті және сексуалды тақырыптарға байланысты ақпараттар жайлы арнайы мамандардан білгені жөн.Өкінішке орай қазіргі таңда әйел адамдар көбінесе жасөспірім қыз балалар толық ақпаратпен қамтамасыз етілмеуіне байланысты климактериялық кезеңге келгенде консультацияны қажет ететін болады.
Жасөспірімдер консультациясы.
Жасөспірімдік кезең 12 – 13 жас пен 16 – 18 жастың аралығын құрайды. Физиологиялық тұрғыдан жасөспірімдік кезеңде жыныс бездерінің дамуы басталады.Жыныс гормондарының бөлінуі күшейіп, жыныс мүшелерінің тез дамуы басталады. Жатыр денесі мойнынына қарағанда үлгейіп, жатыр түтігі ирелектігін жоғалтады және екіншілік жыныс белгілері дамиды. Қолтық асты мен төменгі жыныс мүшелерінде түктер дамиды.Дауысы өзгеріп, сүт бездері дами бастайды.
Бұл кезеңде фолликулаларының дамуы мен овуляциялық кезкең басталады. 12-13 жастан бастап кезеңді менструация қалыптасады. Жасөспірім ағзасы қарқынды түрде дамып, жүйке жүйесі қайта құрылып,психикасы өзгереді.
...