Жарақат. Жарақаттан болатын шок. Жарақаттан болатын асфиксия. Жарақаттан болатын токсикоз
Автор: Aknur77777 • Ноябрь 27, 2022 • Реферат • 553 Слов (3 Страниц) • 543 Просмотры
Жарақат. Жарақаттан болатын шок. Жарақаттан болатын асфиксия. Жарақаттан болатын токсикоз.
Жарақат ((грек. τραῦμα - жара) - сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.б.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы.
Жарақат әр түрлі болады (денеге бөгде заттық кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. б.); жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауыр жеңілдігі (әсіресе басқа, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты. Жарақат (хирургиялықтан басқасы) түскен кезде міндетті түрде және одан кейін де ластанады. Сондықтан жарақат тез жазылып кетуі үшін оны алғаш рет дұрыс таңудың маңызы зор.
Жарақаттан болатын шок – бұл қанайналымның, тыныс алудың, зат алмасудың, эндокринді бездердің қызметінің терең бұзылыстарына әкелетін, ағзаның жүйкелі-рефлекторы және қантамырлық реакциясымен сипатталатын жарақат ауруының ауыр түрі болып табылады.
Шоктың пайда болуындағы негізгі тітіркендіргіштеріне әртүрлі механикалық әсерлердің жүйке элементіне әсер етуі, жүйкенің зақымдалуы, тіндердіің бұзылуы және қан кету болып саналады.
Жарақат шогының пайда болуына әсер ететіндер:
- Ауыру сезімдік және шамадан тыс импульсация;
- Көп мөлшерде қан кету,
- Өмірге маңызды мүшелердің жарақаты;
- Психикалық жарақат.
Қауіп – қатерлі факторлар:
- Тез қан жоғалту
- Шаршағыштық
- Суық немесе ыстық
- Ашығу
Жарақаттан болатын асфиксия (грекше asphyxic – тамыр соғуы жоқ) оттегі жетіспеушілігінен қанда және тіндерде көмірқышқыл газының көбеюінен болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдай. Асфиксия үш сатыда өтеді:
- Бірінші сатысында инспираторлық ентігу дамып, организмнің қозуы, симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы байқалады. Көз қарашығы кеңейеді, тахикаодия, гипертензия байқалады.
- Екінші сатысында экспираторлық ентігу, жүйке жүйесінің қозуы, көз қарашығы кішірейеді, брадикардия, гипотензия байқалады.
- Үшінші сатысында тыныс алу тоқтайды. АҚҚ, жүрек соғуы анықталмайды, ми қызметі тоқтайды, көз қарашығы кішірейеді, агониялық тыныс алуға аусып, дем алу мүлде тоқтайды.
Жарақаттан болатын токсикоз – ұзақ жаншылу синдромы (ҰЖС) – бұл қол-аяқтың жұмсақ тканьдері ауыр нәрсемен ұзақ кақыт бойы қысылып, жаншылып қалғанда пайда болатын ауру. Бұлшық еттің нервтері, қан тамырлары қысылып, тканьге оттегі келмейді, көмірқышқыл газы жиналады. Қалыптасқан жерде әртүрлі уытты заттар көбейеді.
...