Бұлтты және мобильдік технологиялар. Визуализациялау технологиясы
Автор: Umit_ulankyzy • Май 6, 2018 • Контрольная работа • 1,338 Слов (6 Страниц) • 2,975 Просмотры
1. Тақырып №18, “Бұлтты және мобильдік технологиялар. Визуализациялау технологиясы ”
2. Мақсаты: Бұлтты және ұялы технологияларымен жұмыс істеу кезінде негізгі ерекшеліктері және негізгі операцияларды таныстыру.
3. Оқытудың міндеттері: Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды мүмкіндіктері және оның даму үрдістерін зерттеу. Ақпаратты өңдеу сақтауға арналған Cloud технологиясымен жұмыс істеу кезінде негізгі ерекшеліктері және негізгі операцияларды таныстыру.
1. Студент білу керек: блокнот, Internet Explorer (Google Chrome) терезесінің элементтерін және Интернетті дұрыс қолдану ережелерін.
2. Студент істей білу керек: бұлтты және мобильді технологияларды және Google Docs бұлтты сервисінің мүмкіншіліктерін қолдану.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1 Ақпараттық технологияларды жетілдіру
2. Бұлтты технологиялар
3. Бұлтты технологияның қызмет модельдері
4. Ең танымал бұлтты қызмет жеткізушілері
5. Мобильді технологиялар
6. Cloud Google Docs қызметі
5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
Ауызша жауап беру, компьютерде практикалық жұмыс
6. Әдебиет:
Негізгі:
1. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition - Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, MA, COPYRIGHT © 2014.
2. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages.
3. Craig Van Slyke Information Communication Technologies: Concepts, Methodologies, Tools, and Applications (6 Volumes). ISBN13: 9781599049496, 2008, Pages: 4288
4. VARIA, J.2009. Cloud Architectures. Amazon Web Services.
5. VOAS, J. and ZHANG, J. 2009. Cloud Computing: New Wine or Just a New Bottle? IT Professional 11, 2, 15-17.
6. OHLMAN, B., ERIKSSON, A. and REMBARZ, R. 2009. What Networking of Information Can Do for Cloud Computing. In Enabling Technologies: Infrastructures for Collaborative Enterprises, 2009. WETICE '09. 18th IEEE International Workshops on, 78-83.
Қосымша:
1. MATTHEWS, J., GARFINKEL, T., HOFF, C. and WHEELER, J. 2009. Virtual machine contracts for datacenter and cloud computing environments. In ACDC '09: Proceedings of the 1st workshop on Automated control for datacenters and clouds, 25-30
2. MATHEW, R. and SPRAETZ, R. 2009. Test Automation on a SaaS Platform. In Software Testing Verification and Validation, 2009. ICST '09. International Conference on, 317-325
1. Бақылау:
- компьютерде тестілеу
- студенттің практикалық дағдысын тексеру
8. Ақпараттық-дидактикалық блок (аннотация, оқу құралы)
Ақпараттық технологияларды жетілдіру білім беруді дамытудың көптеген жаңа бағыттары арасында маңызды орын алады. Ол білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған, атап айтқанда, олардың ақпараттық және білім беру ортасы жаңа ақпараттық қызметтерді енгізуді және тиімді пайдалануды талап етеді. ЮНЕСКО институтының зерттеушілері білім берудегі ақпараттық технологиялар сондай-ақ заманауи оқу орындарында әртүрлі компьютерлік техниканы және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және оларға қолдау көрсету үнемі маңызды қаржы инвестицияларын және білікті мамандарды (Neil Sclater, білімдегі бұлтты есептеу) талап етеді. Есептеуіш және есептік платформаны виртуализациялау қазіргі уақытта технологиялық шығындарды қысқартады.
Бұлтты есептеулер (Cloud Computing-бұлтты есептеу) - қашықтағы (дистанционды) деректерді өңдеу мен сақтауды қолдана алатын жаңа қызмет. «Бұлтты» қызметтерінің көмегімен кез-келген деңгейдегі ақпараттық ресурстарға және кез-келген әлеуетке ресурстарға қатысты пайдаланушылардың әртүрлі топтарының құқықтарын бөліп, тек Интернет байланысы мен веб-браузерді қолдана отырып. Бұлтты есептеулердің артықшылықтары - ірі инфрақұрылымдарды басқару, қауіпсіздік, компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді модификациялауға тәуелді болмауы. Кемшілігі байланыс арнасының қол жетімділігіне және сапасына тәуелділік, техникалық ақаулықтар және құқықтық мәселелерге тәуелді болуы.
Бұлтты технологияның тарихы. Бұлтты есептеулер 2000 жылдан
...