Бүйрек үсті безі гормондарының жалпы сипаттамасы
Автор: Қызғалдақ Алайдарова • Май 15, 2024 • Контрольная работа • 1,648 Слов (7 Страниц) • 83 Просмотры
Қосымша 5
«Бақылау және реттеу
(жүйке жүйесі, сезім мүшелері,
эндокриндік жүйе)-силлабусына
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
Тәжірбиелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырып: «Бүйрек үсті безі гормондарының жалпы сипаттамасы»
Пән: «Бақылау және реттеу (жүйке жүйесі, сезім мүшелері,эндокриндік жүйе)
Блок: «Физиология» Білім беру бағдарламасы: 6B10102 «Жалпы медицина» Курс: 1 курс
Құрастырушы: профессор ассистенті Адилбекова А.А.
Аударған: оқытушы Рыспаева Г.К.
Уақыт (ұзақтығы) 2 сағат
Қарағанды 2022 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ 1 хаттама 31.08.2022 ж.
Морфология және физиология кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.к. Наурызов Н.Н.
Тақырып: «Бүйрек үсті гормондарының жалпы сипаттамасы»
Мақсаты: Тақырып сұрақтарын өз бетінше менгерген соң бүйрекүсті гормондарының әрекетінің физиологиялық тиімділігі туралы білімдері көрсету.
Оқыту міндеттері:
- теориялық білімдерін жұмысты орындау және қорытындыларды толтыру барысында қолдану
- жұмыстарды орындау барысында үнемі өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру
- Тақырыптың негізгі сұрақтары
1.Бүйрек үсті безінің қыртыстық зат гормондары, олардың зат алмасуын және ағзаның қызметтерін реттеудегі рөлі.
2. Бүйрек үсті безінің милы затының қызметі.
3. Стресс және бүйрек үсті безінің гормондары.
4. Бүйрек үсті безінің қызметтерін реттелуі
- Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, ауызша сұрау, тесттілеу, жағдайлық есептердің шығару, пікірталас, сызбаларды, графиктерді құру.
- Тақырып бойынша тапсырма:
- Орындалатын жұмыстар тізімі:
Жұмыс 1. Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті жүйелердің сызбасын құру.
[pic 1]
[pic 2]
Жұмыс 2. Сызбаны салып,талдау жасап және қорытынды жасау.
[pic 3]
Тақырып бойынша жағдайлық есептерді шешу.
1 тапсырма. Глюкокортикоидтар, қантамырлардың бұлшықеттерінің тонусына және бауырда гликогеннің ыдырауына әсер етпей, жағдай жасайды, сол кезде тіптен адреналиннің аздаған концентрациясы артериалды қысымды арттырады және гипергликемияны шақырады, нәтижесінде бауырда гликогеннің ыдырауы адреналинмен белсендіріледі.
Сұрақ:
1. Глюкокортикоидтар пен адреналиннің өзара әсерінің берілген түрін атаңыз.
2 тапсырма. Халықаралық балбиінің таңдау турының соңында конкурстарда билеуде тәжірибесі бар стажерлар мен би жұптары өткізілді. Сахнаға шығар алдында екі топта да адреналиннің деңгейі жоғарылады, кейбір стажерлерде 10 ес жоғарылады.
Сұрақтар:
1. Насана мүшелерге адреналин қандай физиологиялық және метаболизмдік әсер етеді?
2. Қанда адреналиннің концентрациясы жоғарылағанда қандағы глюкоза мөлшері қалай өзгереді?
3. Адреналин әсер еткенде бауырда қандай үрдіс жүзеге асады?
...