Азыктарfа зоогигиеналык баfа беру
Автор: okasova.2003 • Апрель 10, 2023 • Реферат • 2,362 Слов (10 Страниц) • 302 Просмотры
Сабақ №7 АЗЫҚТАРҒА ЗООГИГИЕНАЛЫҚ БАҒА БЕРУ
Сабақтың мақсаты: ірі азықтарды органолептикалық зерттеу әдістерімен, сынамаларды алу ережесімен, ботаникалық, зертханалық, микотоксикологиялық талдау әдістерімен танысу.
Сабақтың мазмұны: Сабақ шаруашылық жағдайында өткізіледі олсы кезде ірі азықтарды органолептикалық зерттеу әдістері, сынамаларды алу ережесі, ботаникалық, зертханалық, микотоксикологиялық талдау әдістері өткізіледі.
Пішенді органолептикалық зерттеу әдістері.
Пішенді алдын ала зерттеу жұмыстарын тікелей сақтау орындарында келесі органолептикалық көрсеткіштерге назар аудара отырып, өткізеді:
Кесте 1 – Азық топтары
Азықтар | Уытты элементтер |
І Пішен, тамыртүйнектілер мен бақша өнімдері, жасыл азықтар, пішендеме, өсімдіктерден дайындалатын сүрлем | Мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, сынап, күшала, пестицидтер, нитриттер, нитраттар, май қышқылы, улы өсімдіктер |
ІІ Астық тұқымды және бұршақ тұқымды дақылдардың дәнді азықтары | Мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, сынап, күшала, пестицидтер, нитриттер, нитраттар, металлды магнитті бөгде заттар, микроспориялық және қастауышты саңырауқұлақтар, таттауыштар, микотоксиндер (афлатоксин В1, зеараленон, Т-2 токсин, дезоксиниваленол, охратоксин А) |
ІІІ Жармалар, күнжаралар, ашытқылар, ағаштың витаминді ұны, жасанды түрде кептірілген шөпті азықтар | Мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, сынап, күшала, пестицидтер, нитриттер, нитраттар, металлды магнитті бөгде заттар, синил қышқылы, уреаза белсенділігі, госсипол, тұз қышқылында ерімейтін күл, сальмонелла тұқымы бактериялары, қалдық түріндегі еріткіштің салмақтық үлесі, полициклді ароматты көмірсулары, микотоксиндер (афлатоксин В1 зеараленон, Т-2 токсин, дезоксиниваленол, охратоксин А) |
ІV Құрамажемдер, премикстер, ақуызды-витаминдік қоспалар | Мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, сынап, күшала, пестицидтер, нитриттер, нитраттар, металлды магнитті бөгде заттар, қасстауыш, таттауыш саңырауқұлақ споралары, тұз қышқылында ерімейтін күл, микроскопиялы саңырауқұлақтар бөлінділері, ас тұзы, карбамидтің салмақтық үлесі, микотоксиндер (афлатоксин В1 зеараленон, Т-2 токсин, дезоксиниваленол, охратоксин А) |
Пішеннің біртектілігі өсімдік түрі бойынша немесе шабындыққа байланысты анықталады.
Екпе шөптер егер бір өсімдік түрінен тұратын болса біртекті деп танылады: беде, жоңышқа, судан шөбі т.с.с. Табиғи шалғын шөптері біртекті шалығндардан шабылып алынатын болса біртекті деп саналады, мысалы шалғын шөптері, батпақты жер шөбі, орманды алқап шөбі, қыр шөбі т.с.с.
Пішеннің ылғалдлығы бір буда шөпті сығып, айналдыру арқылы анықталына алады. Құрғақ пішен (15%) қолда сығып айналдырғанда тырсыл естіледі, бұрағанда сынғыш келеді. Орташа құрғақтыға пішен (17% дейін) сығып бұрағанда толығымен үзілмейді. Ылғалды пішен (18-20%) бұраған кезде тырсыл естілмейді, буда бірнеше мәрте бұраудан үзілмейді. Ылғалды пішен (20-23%) бұрау кезінде ылғал бөледі, қолға суық сезіледі. Пресстелген ылғалды пішен бумасы сыртынан қарағанда тегіс, байлау орындарында таңбалар қалады, жерге тастағанда кері сірпілмей жата қалады. Құрғақ пішен бумасы бүйірлерінен қарағанда тңкен тәрізденіп, будаланып тұрады, жерге тастағанда доп тәрізді кері серпіледі.
Пішеннің түсі. Қалыпты жағдайда шабылған пішен әртүрлі реңде болады: астық тұқымдас шөптер сұрғылт реңді, бидайық пен еркек шөп көкшіл-сары, жоңышқа – ашық-жасыл, бұршақ тұқымдастар – қоңыр-жасыл реңді болады.
Ұзақ уақыт күн астында жатып қалған пішен ақышлтым түске енеді, жаңбар астында қалған пішен – ашық-сұрғылт, маяда су тигендері – ашық-сары түске енеді де шіріген иістенеді. Қара-қоңыр-сары, қоңыр, қара түстер бүлінген пішенген, сақтау барысында қызып кеткен пішендерге тән болады.
Пішеннің иісі. Жаңа шабылып алынған пішеннің иіс бөлетін шөптер құрамына байланысты өзіне тән жағымды иісі болады. Жатып қалған, жаңбыр астында қалып қойған, ұзақ саөқталған пішеннің иісі әлсіз білінетін болады. Жоғары ылғалдылық жағдайында сақталған, зең саңырауқұлақтары әсеріне шалдыққан пішеннің шірік сипатындағы иісі болады, ол иіс кептіріп, қопсытқан соң да жойылмайды.
...