Жер асты суларының геологиялық қызметі
Автор: asel_a_93 • Сентябрь 6, 2023 • Лекция • 1,716 Слов (7 Страниц) • 158 Просмотры
Жер асты суларының геологиялық қызметі
Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су
Жер асты суларының пайда болуы және жіктелуі.
Гидрология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде жер асты суларын төмендегі типтерге бөледі.
Инфильтрациялық сулар. Атмоссфера жауын-шашыны мен жер беті суларыныңтау жыныстарына сіңуі нәтижесінде қалыптасатын жер асты суларын айтамыз. Сіңетін судың шамасы көптеген факторларға байланысты. Бұл климат, рельеф, өсімдік тау жыныстарының құрамы мен су сіңіргіштігі адамның еңбек әрекеті жатады. Бұл жер асты суларының типін Ветрувий Пело(старший) негізін қалады.
Конденсациялық сулар – серпімділік айырмасының әсерінен атмосфераға жер қыртысына қарай тау жыныстарында бір горизонттан, екінші горизонтқа қарай орын ауыстырып қозғалатын су буларының қоюлануы әсерінен қалыптасатын жер асты суларын айтамыз. Әйтсе де бұл жолмен жиылатын жер асты суларының шамасы оның жалпы қорының аз ғана бөлігін құрайды. Бұл жер асты суларының типін Г.Н.Каменский негізін қалады.
Тұнбалық(седиментациялық) су – шөгінді жыныстарға сіңіп жиылған және қазірге дейін сақталып келе жатқан көне алаптардағы қалдық су болып табылатын суларды айтамыз. Осы көмілген сулар гидрогеологиялық және мұнайлы газды жабық құрылымдардың терең бөліктерінде сақталып қалады. Өзінің жоғарғы минералдығымен ерекшеленетін осы су химия өндірісінің шикізаты болып табылады. Н.И.Андросов негізін қалады.
Ювенил жер асты сулары жердің терең қойнауларында магмалық және метаморфтық зоналардан жоғары көтерілген ыстық будың суынып есесінен жиналады.
Жер асты суларын жіктеу мәселесімен көптеген зерттеушілер айналысты. Бұлардың қатарында Б.Л.Личков, Ф.В.Саваренский, О.К.Ланге т.б бар. Көптеген жіктеу схемалары ұсынылды бірақ осы кезге дейін жер асты суларының көпшілік қабылданған бірыңғай жіктеу жоқ. Бірыңғай жіктеу жасаудың қиындығын жер асты суларының жатыс жағдайларының алуан түрлі болуымен, жылжымалылығымен түсіндіруге болады.
Жер асты жіктеудің негізіне әр түрлі белгілер қабылданған. Олар: су ұстаушы жыныстардың литологиялық құрамымен жасы жер асты суларының физикалық қасиеттерімен химиялық құрамы жыныс қабаттарындағы жатыс сипаттары, гидравикалық қасиеттері, т.б. Су сыңыстырушы жыныстардың жасына қарай жер асты сулары осы атпен аталады. Мысалы Карбон дәуіріндегі жыныстар арасындағы сулар карбон сулары бар сулары полеоген сулары, неоген сулары.
Температурасына қарай жер асты сулары салқын (температурасы( 20 гр С төмен) жылы(+37гр С) ыстық +42 гр С өте ыстық +52 гр С-тан жоғары болып ажыратылады. Минералдану дәрежесіне қарай В. И. Вернадский бойынша жер асты сулары тұщы (еріген заттар мөлшері 1г\л-ге дейін тұзғылт 1-10г\л ) тұзды(10-50 г\л) және тұздық (50 г\л-ден жоғары) болып ажыратылады.
Еріген тұздардың құрамына қарай жер асты сулары көмір қышқылды көмір сутекті радонды болып бөлінеді. Бұл сулардың көбінесе емдік мәні бар. Белгілі бір емдік қасиеттері бар суларды бальнеологиялық сулар деп атайды.
Белгілі бір элементтердің еріген күйде бөліп аларлық мөлшері бар жер асты сулары өндірістік сулар деп аталады. Құрамындағы элементтеріне қарай бұл сулар йодты бромды т.б. болып бөлінеді.
Тау жыныстарындағы орналасуымен сыныстырушы жыныстардың сипатына қарай жер асты суларының төмендегі типтері ажыратылады.
- Жер қыртысының ең жоғарғы бөлігін құрайтын түрлі саңлауларынан орын алып айналымда жүретін қуыстық сулар.
- Жоғарғы және төменгі беттерінен су өткізбес жыныстармен шектелген шөгінді тау жыныстарының жарықтарына орналасып айналысқа түсетін пластық сулар. Бұл сулар саңылаулық пластық суларға бөлінеді.
- Жарықшалармен бірқалыпты тілінген қатты түп жыныстардан (магмалық, метаморфтық, шөгінділік) орын алған жарықшалардың сулары.
- Карбонатты және гипсті жыныстар арасында қалыптасқан карстық жер асты сулары.
- Тектоникалық жарықшақтар мен жарылыстардың бойын ала айналымда жүретін жарықшақтық желілік сулар.
Гидравликалық қасиеттеріне қарай жер асты сулары орынсыз және орынды болып келеді. Әуелгісінің беті кедергісіз еркін шаралы болады. Соңғысында сулы горизонт жоғары жағына су өткізбес жыныспен жабылып ал одан төмендегі гидростатикалық қысым түскен жер асты суына орын пайда болады. 1944 жылы А.М. Овчинников жер асты суларының классификациясын жасады. Ол жер қыртысындағы жатыс жағдайларына (орналасуына) қарай жер асты суларын қалқыма суға, грунт суларына, пластералық суларға жіктеді.
Тау жыныстары саңылауларының сумен қанығу дәрежесіне байланысты саңылауларының сумен қанығу дәрежесіне қарай жер қыртысының жоғары бөлігі 2 зонаға бөлінеді. Оның жоғарғысы аэрация зонасы, төменгісі қанығу зонасы деп аталады.
...