Инженерлік геологиялық ізденістер пәні
Автор: Abdalmi • Ноябрь 4, 2022 • Лекция • 805 Слов (4 Страниц) • 189 Просмотры
[pic 1]
5-дәріс
[pic 2]Инженерлік геологиялық ізденістер пәні
ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР КЕЗІНДЕ ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ Инженерлік-геологиялық ізденістер жобаланатын құрылыс ауданының (алаңының, учаскесінің, трассасының) инженерлік-геологиялық жағдайларын кешенді зерделеуді қамтамасыз етеді:
- жер бедері, геоморфологиялық ерекшеліктері;
- геологиялық құрылым;
- гидрогеологиялық жағдайлар;
- топырақтың құрамы, жағдайы және қасиеттері;
- геологиялық және инженерлік-геологиялық процестер/үдерістер;
- құрылыс салынған аумақтар жағдайларының өзгеруі;
- жобаланатын объектілердің геологиялық ортамен өзара іс-қимылы саласындағы инженерлік-геологиялық жағдайлар өзгерістерінің болжамын жасау.
Жер бедері
► Жер бедері құрылыс алаңының геоморфологиялық ерекшелігін сипаттайтын инженерлік-геологиялық жағдайының маңызды құрамы болып табылады. Жер бедері жазықтарды, биіктіктерді, ойпаңдарды, қыраттарды біріктіре көрсетуші жер бетінің пішіні. Сондықтан, Жер беті әрқашанда өзгеруде. Бұл өзгерулердің нәтижесінде алдыңғы бедерлер жойылып жаңа бедерлер пайда болады. Айтылған өзгерістер эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) үдерістердің әсерінен жүзеге асырылады..
Жер бедері
Жер бедері жылу және ылғал, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың таралуына, бөлшектелген тау жыныстарының тасылып түзілуіне, жел есіп ауаның қозғалуына есептерліктей әсер етеді. Жер бедері тау жыныстарының үгілуіне, шайылуына, қазылуына, бұзылуына, тасымалдануына ықпал жасап, геологиялық белгілі роль атқарады. Кейбір жағдайларда жер бедері құрылыс нысандарының орналастырылуына шешуші себепшарт болуыда мүмкін.
Жер бедерінің пайда болуына эндогендік, экзогендік күштер әсер етеді.
- Эндогендік күштердің әсерінен жер қыртысы қозғалып тектоникалық жер пішіні қалыптасады. Экзогендік күштердің (желдің, судың, жәндіктердің, адамның) әсерінен үгу үдерістерінің нәтижесінде эрозиондық, аккумуляциялық, өзендік, желдік, мұздық т.с. пішіндер түзіледі. Жер бедерінің пішіндері екі топқа бөлінеді: оң және теріс. Оң жер бедерінің пішіндері көкжиектік жазықтықтан (нақтыласақ: Балтық теңіз беті деңгейінен) биік, теріс жер бедерінің пішіндері көкжиектік жазықтықтан төмен орналасады. Құрылыс мақсатында инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізгенде макро, мезо-, микрожербедерге белгілі назар аударылады.
Макрожербедері – жазықтық пішіндері жүздеген, мыңдаған шаршы километрлермен өлшенетін, ал тігінен – ондаған, жүздеген, ►мыңдаған метрлерді құрайтын ауқымды жербедер пішіндері (тау жоталары, өзендер аңғарлары, ойпаттар т.с.)
...