Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы етті ірі қара мал шаруашылығының дамуы

Автор:   •  Ноябрь 12, 2018  •  Реферат  •  2,941 Слов (12 Страниц)  •  1,963 Просмотры

Страница 1 из 12

Қазақстандағы етті ірі қара мал шаруашылығының дамуы

Ауыл шаруашылығында соңғы жылдары біраз оңды тенденциялар байқалуда. Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі тұрақты сипат алды. Барлық аймақтарда шаруа қожалықтары мен корпоративтік түрдегі кәсіпорындар өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар арасында оңтайлы арақатынас қалыптасып келеді.

Екіншіден, ауылды жерде біртіндеп аграрлық қызмет көрсету, өнімді өндеу және сату саласы қалыптасуда.

Үшіншіден, зандылық-құқықтық қоры ауылды жерде шаруашылық кәсіпті табысты атқаруға қолайлы жағдай жасалуда. Адамдардың жер иелігіне, өнімді сататын базарларға еркін қолы жетуі жұмысқа ынталы фермерлер мен кәсіпорындар басшыларына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырып табысты молайтуға мүмкіндік тудырып отыр.

Ауыл шаруашылығының маңызды саласы – мал шаруашылығы екені сөзсіз. Қазақтың байтақ даласы ежелден мал өсіруге қолайлы қоныс болған. Ата-бабамыз бұл кәсіп түріне ерекше мән беріп, жесең – ас, кисең – киім – төрт түлікті ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келгендігі де сондықтан.

Бүгінгі таңда азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қолайлы тенденция деп үй шаруашылығы үлесіндегі өндірістің өсуін және оның ұсақ тауарлы шаруашылыққа айналуын айтуға болады. Мұның өзі еліміздің көпшілік аймағында халықтың өзін өзі қамтамасыз етуін жақсартты.

Кейбір аймақтарда базарлы инфрақұрылымның қажетті элементтері болып саналатын азық-түліктің көтерме сауда базарларының және жарнамалық қызметтердің қалыптасуы үлкен үміт тудыратын құбылыс болып саналады.

Мал басының тұрақты өсуі байқалды. Соның нәтижесінде өндірілетін ет көлемінің құлдырауын тоқтатуға, сүттің көлемін, жұмыртқа, жүн көлемін көбейтудің мүмкіндігі пайда болып отыр.

Экономиканың аграрлық секторында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктері жетілмегендігі салдарынан бұл саланың қосымша өнімінің бір бөлігі баға, салық, несие, инвестиция жүйелері арқылы экономиканың басқа салаларына, әсіресе банк және коммерциялық капитал саласына бөлініп кетті. Қатаң ақша-несие саясаты ауыл шаруашылық кәсіпорындарының төлем қабілетіне өз әсерін тигізіп келеді. Берешекті төлемеудің көбеюі есеп айырысуды кешеуілдетті, өндірілетін және сатылатын өнім көлемін азайтты, сөйтіп тауар өндірушілерді қажетті көлемде материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу мүмкіндігінен айырып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуда баламасыз айырбас байқалады.

Ауыл шаруашылығының негізі саласы - мaл шаруашылығы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңілжәне тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады [1].

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің құрамында ірі қара шаруашылығы маңызды орын алады. Себебі халыққа және өнеркәсіпке аса керекті ет, май, тері, сүт сияқты өте бағалы азық-түліктер мен шикізаттарды осы ірі қара шаруашылығы береді. Сондықтан, агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту міндеті ірі қара шаруашылығына да тікелей қатысты [2].

Ел тұрғындарын сапалы әрі адам денсаулығына пайдасы зор азық-түлікпен (ет, сүт және ет пен сүт өнімдерімен) қамтамасыздандыруда ірі қара мал шаруашылығының атқаратын маңызызор болып табылады. Себебі адамға қажетті азық түліктің ішінде, ірі қара мал еті 40-47%, ал сүт және сүт өнімдері 90% құрайды. Сонымен қатар, ірі қара мал терісі жеңіл өнеркәсіпте қолданылады, ірі қара қиы органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Қазіргі

...

Скачать:   txt (41.5 Kb)   pdf (74.4 Kb)   docx (22.9 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club