Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фетотомия ұғымына түсінік

Автор:   •  Март 18, 2020  •  Курсовая работа  •  4,229 Слов (17 Страниц)  •  647 Просмотры

Страница 1 из 17

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1.Фетотомия ұғымы..............................................................................................6

1.2.Төлдің іштегі өлуінің негізгі этиологиялық факторлары..............................9

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Фетотомия кезінде қолданылатын акушерлік аспаптар..............................12

2.2.Фетотомияның орындалуы мен техникасы..................................................14

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................18

ІҮ.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................20

Ү.ҚОСЫМША.......................................................................................................21

Кіріспе

Мал шаруашылығы Қазақстан үшін ең маңызды салалардың бірі. Қазіргі кезде, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді ескере отырып, мал шаруашылығын дамыту және оны еліміздегі жетекші салалардың біріне айналдыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы экономика саласында ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығының дамуынан мемлекетің азық түлік қауіпсіздігі жəне халықтың əлеуметтік экономикалық жағдайы өзгереді. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық жəне қоғамдық- саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді жəне əлі де солай. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор əлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның əр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге жəне мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

          Ауыл шаруашылық жануарлардың акушерлік және гинекологиясы – клиникалық медицинаның ең маңызды бөлімі болып табылады. Акушерства - ұрғашы малдардың көбею, буаздық,

туу кезінде, туғаннан кейін жәрдем көрсетудің физиологиясы мен

паталогиясы туралы білім болып табылса, ветеринариялық гинекологияның басты міндеті ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің ауруларын зерттеу, оны тиімді емдеу жэне олардың алдын алу, сөйтіп малдың төл бермеуін тоқтату (қысыр қалдырмау) үшін

шаралар колдану болып табылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы аналық мал ағзасында кездесетін физиологиялық және патологиялық процесстерді зерттей отырып, оған қоса ұрықтандыру, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең кезіндегі, түрлі алдын алу шараларын және емдеудің ұтымды әдістерін қарастырады. Қазіргі кезде елімізде ветеринарлық жүйе қалыптасқан және ол жоғары деңгейде жұмыс атқарады. Жануарларды клиникалық зерттеу әдістері  және ұрғашы малдарды жасанды ұрықтандыру әдісі кеңінен дамыған. Жануарлардың акушерлік – гинекологиялық ауруларын емдеудің тиімді әдістері,  алдын алу шаралары жобаланып, кеңінен қолданылуда. Акушерлік – гинекологияның негізгі мақсатынын бірі – ол төлдің аман – есен туылуы. Дені сау мал ауыл шаруашылығында өнімді арттырады, яғни акушерлік – гинекология ауыл шаруашылығының маңызды салалардың бірі болып табылады. Алайда, салаға көп көңіл бөлінуіне қарамастан, ұрғашы малдың жүктілік кезінде көптеген патологиялық ауытқулар кездеседі. Бұндай жағдайда дер кезінде акушерлік көмек немесе тиісінше акушерлік оталар жүргізілгені жөн.

Акушерлік көмек көрсеткен кезде келесі негізгі принциптерді сақтау керек:

  • төл мен анасының өмірін сақтап қалу.
  • жамбастың анатомиялық  құрылысын қатал есепке алу керек.
  • потугтар кезде ғана күшті қолдану керек.
  • дұрыс емес орналасуды дұрыстау
  • төл жеңіл шығу үшін жатыр ішіне 35-40 температурасындағы сабанды суды құю керек.
  • күшті иісті дезенфекциялық заттарды қолданбау
  • алдыңғы мүшелерге ілмек салу
  • қиын жағдайларда кесарь тілігін немесе  фетотомияны қолдану

Патологиялық босану кезіндегі акушерлік оталар хирургиялық оталардан ерекшеленеді, себебі кез – келген кешіктіру ұрық пен ананың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Мұның бәрі босанушы ұрғашы малға, сондай – ақ акушерлік оталық дайындыққа ерекше назар  аударуды міндеттейді. Акушерлік ота      арнайы дайындалған  секцияда, егер ондай жер болмаған жағдайда кез – келген таза, залалсыздандырылған, кең жерде өтуі тиіс. Ота  барысында сүйектің сынуына және жатырдың бұралуына жол бермеу қажет. Ең қолайлы анатомиялық жағдай ұрғашы малдың жату қалпы. Бұл позицияда ортаңғы жамбастың бұлшық етінін және басқа да бұлшық еттердің сезімталдығы төмен болады.

...

Скачать:   txt (60.3 Kb)   pdf (227.1 Kb)   docx (42.5 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club