Базардағы сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Автор: 20141371 • Январь 13, 2018 • Курсовая работа • 6,818 Слов (28 Страниц) • 2,469 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Кафедра: Ветеринариялық санитария
[pic 1]
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Базардағы сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Орындаған:Бейсембаев А.Т Тексерген:Серикова А.Т
ВС-403 тобының студенті (қолы) ________
(қолы)________ Комиссия:
(Бағасы) (күні) _____________ __________ ______ __________ (ФИО) (қолы) _____________ _________
(ФИО) (қолы)
Семей -2017
Курстық жұмыс жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Сүт құрамы және әртүрлі жануарлар сүтінің сипаттамасы
2.2 Сүттің физикалық және химиялық қасиеті
2.3 Сүт кемшіліктері
2.4 Колориметриялық әдіспен сүт құрамындағы каротинді және дәрумендерді анықтау
2.5 Сүт құрамындағы құрғақ зат пен су мөлшерін анықтаудың лездік әдісі
2.6 Кептіргіш шкафта сүтті кептіру арқылы құрамындағы су
мен құрғақ затты анықтау
2.7 Сүт құрамына әсер ететін факторлар
ІІІ. Өзіндік зерттеу
- Органолептикалық зерттеу:
- Тығыздығын анықтау:
- Қышқылдығын анықтау:
- Сүттің тазалығын анықтау.
- Бруцеллезге сақина реакциясы.
- Сүттегі сода қоспасын анықтау.
- Қаймақтағы крахмал қоспасын анықтау.
- Қаймақтағы ірімшік қоспасын анықтау.
IV Қорытынды
VІІ Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сүт - тағамдық иммунологиялық және бактерицидтік қаситеттері жоғары аса бағалы тағамдық өнім. Сүт құрамында маңызды белоктар, амин қышқылдары, макро және микроэлементтер, витаминдер, ферменттер, көмірсулар, май және гормондар бар. Сүт организмге түсетін қоректік заттардың биологиялық құндылығын арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, углевод, минералды тұздар және тағы басқаларымен бірлесе, үндесе отырып, қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады. Сондықтан да, организмге оның құрамдық бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сүтте басқа да өнімдермен салыстырғанда алмаспайтын амин қышқылдары артығырақ болады. Сүт майының биологиялық маңызы ондағы қанықпаған және қаныққан май қышқылдарының, фосфолипидтердің үндесуіне байланысты.
Сүттің май қышқылдары зат алмасу үрдістеріне, жүйке ұлпаларының құрамына еніп, қан ішіндегі холестериннің мөлшерін реттеп, қан тамырының иілгіштігін арттырады. Сүт липидтері басқа майларда аз болатын А, О, Е, К майда еритін дәрумендердің тасымалдаушылары болып табылады. Сүт майының жақсы сіңірілуіне (98%) оның еру температурасының төмен (28-36%) болуы да ықпал етеді.
Адам ағзасына түсетін сүттің минералды заттары ұлпаларда қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті және қанның осмостық қысымын бірқалыпта ұстап тұрады, ағзаның қалыпты өмір сүргіштігіне ықпалын тигізеді. Сүт – майда еритін және суда еритін дәрумендердің көзі. Сүтте ағзаның індетті ауруларға төзімділігін жоғарылататын биологиялық белсенді заттар – гормондар, простогландиндер, бактериостатикалық және бактерицидті заттар (лизоцим, иммуноглобулиндер, лактениндер, лактоферрин және т.б.) болады.
...