Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қызанақ әдебиетке шолу

Автор:   •  Апрель 23, 2019  •  Реферат  •  481 Слов (2 Страниц)  •  564 Просмотры

Страница 1 из 2

Жазғы қанатсыз партеногенетикалық ұрғашы бітенің пішіні  жұмыртқа тәрізді,денесінің ұзындығы 2-2,5 мм, сарғылттау ақ түсті, мұртшалары 5 бунақты.Қыстайтын қанатсыз ұрғашыларының мұртшалары 6 буынды. «Кезбе» деп аталатын 1- жастағы дернәсілі жасылдау-сары немесе сарғылт-сұр түсті,мұртшалары 4 бунақты,денесінің ұзындығы  0,75-0,78 мм болады.

Ұрғашы бітелердің ерекше «қыстаушы» деп аталатын формалары қызылша егісінің аңызында немесе тұқымдасына жататын арам шөптер өсетін учаскелерде топырақтың 15-75 см тереңдігіне қыстайды.Бітелер қысқы ұйқыдан топырақтың қызуы 7-8 С жеткенде оянады. Олардың жыныс мүшелері мен ұрықтары барлығында бір уақытта пісіп жетіледі.Сондықтан дернәсілі қысқа мерзім ішінде жаппай қаулап шығады. Ұрғашы бітелердің әрқайсысының табатын дернәсілінің саны 17-24 болады.Ең ақырғы  дернәсіл туған соң ұрғашы біте жер бетіне көтерілмей топырақ арасында өледі.1-жастағы  личинкалар («кезбелер») жер үстіне көтеріліп, қоректік өсімдіктерді іздеп тез таралады. Кезбелердің көктемдегі ең бірінші  жаппай шығуы әдетте мамыр айының ортасында байқалады. Қоректік өсімдіктерді тауып алысымен кезбелер топыраққа еніп,тамыр жүйесіне жетеді де,ұсақ тамыршаларға жабысып сора бастайды.Шамалап  айтқанда 9-12 күн өткен соң олар ұрғашы бітелерге айналады.Сөйтіп,жаңа генерацияның  және одан кейінгі генерациялардың дамуы жалғаса береді. Ауа райының жағдайларына байланысты тамыр  бітесі  көктем-жаз айларында  8-10 генерация беріп көбейеді.

Тамыр бітенің жаппай өсіп-өніп  көбеюі үшін ең қолайлы  жағдайлар вегетациялық  кезеңде ауа райы ыстық және құрғақ  болған жылдары туады. Зақымданған  өсімдіктердің  шашақ тамырлары  қурап,тамыржемісі  солып қалады да  қолмен  жұла тартқанда  топырақтан оңай шығады. Өсімдіктің  бұл зиянкеспен зақымданғанын  сыртқы белгілеріне  қарап та,яғни, оның жапырақтарының солып сарғаюынан  да білуге болады.Кейбір  жылдары осы  зиянкестің  зақымдауынан қызылшаның  өнімі 30 пайыз дейін, қанттығы 3,5-4,3 пайыз  ал қант түсімі 18- 20 ц дейін кемиді.

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (80.1 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club