Генеративті мүше: гүл, жеміс, тұқым
Автор: Balzzhhan • Март 17, 2021 • Реферат • 765 Слов (4 Страниц) • 993 Просмотры
Орындаған: Көбей Балжан
Тобы: ФҚА-01-20
Қабылдаған: Рахманова Гульнара
№7 cабақ
Тақырыбы: Генеративті мүше: гүл, жеміс, тұқым
1. Суретте не бейнеленген ? Цифрмен көрсетілген обьектілердің атын табыңыздар. Гүлдің қандай мүшелерінен түзіледі.
[pic 1]
Жауабы:
1. Мякоть (мезокарпий)
2. Ұрық
Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды.
Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды.
Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әртүрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады.
2. Суретте не көрсетілген? Цифрмен көрсетілген бөлімдердің атын табыңыздар ? Гүлдің қандай мүшелерінен түзіледі?
[pic 2]
Жауабы:
1. Тұқым қабығы
2. Тұқым қауызымен біріккен жемісқап
3. Эндосперм
4. Ұрық
Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.
Қосарынан ұрықтану жүріп, гинецейдегі өзгерістерден кейін жатынның қабырғасынан жеміс, ал тұқым бүрінен тұқым жетіледі. Жеміс тұқымды (тұқымдарды) сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктердің көбею және таралу мүшесі болып табылады.
Жеміс жеміс серіктерінен және тұқымнан тұрады. Тұқым барлық өсімдіктерде пісіп жетілгенге дейін жеміс серіктерінің іш жағында (онымен жабылып) сақталады, ал пісіп жетілген соң өсімдіктердің біраз бөлігінде жеміс серігі қақырап, тұқым сыртқа шашылады. Осыған байланысты жемістер қақырайтын және қақырамайтын деп бөлінеді.
Жеміс серігі үш қабаттан тұрады: экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий.
3. Төменде берілген тізімнен шырынды және құрғақ жемістерді теріп жазыңыздар.
I. шырынды | II. құрғақ |
Алма,алмұрт,шие, қызанақ, қарақат, картоп, қияр, қарбыз | Күнбағыс, бидай, мак, орман жаңғағы, бүлдірген, үйеңкі, бұршақ, қара бидай, рябина, мақта қауашағы, дельфиниум, фасоль, жүгері, қарақұмық |
1. алма
2. күнбағыс
3. бидай
4. мак
5. шие
6. қарақат
7. Орман жаңғақ
8. бүлдірген
9. үйеңкі
10. бұршақ
11. рябина
12. Қара бидай
13. Мақта қауашағы
14. дельфиниум
15. фасоль
16. жүгері
17. алмұрт
18. помидор
19. қияр
20. қарбыз
21. картоп
4. Төменде берілген терминдерді пайдаланып, «Жемістің типтері» кестенің бос ұяшықтарын толтырыңыз.
Жемістің аты | Құрылысындағы ерекшеліктері | Өсімдіктер түрлері |
(А) Дән | Біртұқымды құрғақ жеміс. Қауызды жеміс серігі тұқыммен кірігіп өскен. | Күріш, сұлы, бидайық |
Сүйекті | (Б) жеміс біртұқымды, шырынды және жеміс серігінің ішкі қабаты сүректенген | Шие, персик, миндаль |
Асқабақ | Көптұқымды шырынды жеміс, жеміс серігінің сыртқы қабығы сүректі | (В) қияр, арбуз, баклажан |
1) қанатты өсіндісі бар тұқым мен жаңғақ
2) жеміс біртұқымды, шырынды және жеміс серігінің ішкі қабаты сүректенген
3) дән
4) айва, алма, алмұрт
5) тұқым құрғақ үлпек камераларда жатады
6) мак, қара меңдуана, қалампыр
7) қияр, арбуз, баклажан
...