BACILLUS 78 шиамынын фитопатогендi микроорганизмдерге катасты антагонистiк белсендiлiгiн баfалау
Автор: Каракоз Ерлановна • Апрель 20, 2019 • Дипломная работа • 12,187 Слов (49 Страниц) • 938 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ораз Мәдина
BACILLUS 78 ШТАМЫНЫҢ ФИТОПАТОГЕНДІ МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АНТАГОНИСТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы - 5В070100 – «Биотехнология»
Алматы 2018ж
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілген»
________________________
Биотехнология кафедрасының
меңгерушісі, б.ғ.к. доцент
Кистаубаева А.С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«BACILLUS 78 ШТАМЫНЫҢ ФИТОПАТОГЕНДІ МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АНТАГОНИСТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАУ » тақырыбында
5В070100 – «Биотехнология» мамандығы
Орындаған | Ораз М.М | |
Ғылыми жетекшісі PhD,аға оқытушы | Омирбекова А.А. | |
Нормабақылаушы | Талипова А.Б. |
Алматы, 2018ж
РЕФЕРAТ
Дипломдық жұмыс 52 пaрaқтaн, 9 тaблицaдaн, 3 суреттен және 73 пaйдaлaнылғaн әдебиет көзінен тұрaды.
Бaсты сөздер: антагонистикалық белсенділік, Bacillus, фитопатогенді микроорганизмдер, өсімді ынталандыру белсенділігі, сәйкестендіру, таксономиялық үлестірілім, микробтық препараттар, өсімдіктерді қорғау.
Жұмыс мaқсaты: микроорганизмдер штаммдарының фитопатогендерге қатысты антагонистикалық әрекеттерін бағалау.
Тaпсырмaлaр: топырақтың түрлі типтерінен және жем-шөп өсімдіктердің агроценоздарынан микроорганизмдерді шығару; таңдалған штамдардағы антагонистикалық және өсуді ынталандыратын қызметті бағалау; модельдік эксперименттер арқылы Bacillus simplex 1 штаммының биоконтрольдық белсенділігін бағалау.
Зерттеу объектілері: Алматы облысының түрлі типтерінің топырақтары (сұр-қоңыр топырақ, Қаратал ауданы, Ақжар және қанық-қоңыр топырақ, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген) және жемдік дақылдардың агроценоздар (сафлор және тәтті жоңышқа).
Әдістер: молекулярлы-биологиялық диагностика әдістерін қолданып, таксономикалық ерекшеліктерін анықтау, перпендикулярлы соққылар, агар блоктары және ұңғымалар әдісімен антагонистикалық белсенділікті зерттеу; тұқымды сулау әдісімен өсімді ынталандыру қызметін анықтау.
Нәтижелер: жоғары амилолитикалық, өсімді ынталандыратын, антагонистикалық, азотты бекітетін және протеолитикалық белсенділігімен ерекшеленетін 3 штамм таңдалды; таңдалған штамдар Bacillus simplex 1,
Pseudomonas oleovorans және Streptomyces auratus түрлеріне жататындығы анықталды; үлгілі эксперименттер барысында F.solani және Rh.solani соя бұршақтарының тұқымдары жасанды ластанылды, нәтижесінде Bacillus simplex штаммының антагонистикалық белсенділігі ең жоғары екені анықталды, себебі өскен ұрықтардың саны 80% -дан астам болатындығы көрсетілді.
Прaктикaдa пaйдaлaнылуы: бұл штаммдар экология, биотехнология және ауыл шаруашылығы саласында дақылдардың өнімділігін арттыру үшін қолданылуы мүмкін.
РЕФЕРАТ
Дипломная работа состоит из 52 страниц, 9 таблиц, 3 рисунков, 73 источников литературы.
Ключевые слова: антагонистическая активность, Bacillus, фитопатогенные микроорганизмы, ростстимулирующая активность, идентификация, таксономическая принадлежность, микробные препараты, защита растений.
Цель работы: оценка антагонистической активности штаммов микроорганизмов в отношении фитопатогенов.
...